Қазақтардың 1860–1870 жылдардағы азаттық күресі

  1. Торғай және Орал облыстарындағы көтерi- лiстер. Қазақтар   патша   үкiметiнiң  реформаларына ашықтан-ашық күштi наразылық танытты. Үкiметке қарсы көтерiлiс жа- сайтын жағдай пiсiп-жетiлiп келе жатты. Көтерiлiс күтпеген жерден бұрқ ете қалып, 1868 жылдан 1869 жылға дейiн созылды. Ол отаршылдыққа қарсы айқын сипат алды.

    Көтерiлiстiң басы-қасында iрi рубасылары жүрдi. Қазақтар үкi- меттiң жiберген комиссияларын қабылдамады. Көтерiлiсшiлер үкiмет билiгiне бағынудан үзiлдi-кесiлдi бас тартты. Халық қарулана бастады. Олар басқарудың жаңа ережелерiн енгiзуге, елдi Ресей шенеунiктерiнiң басқаруына ашықтан-ашық қарсы болды. Ежелгi ескi тәртiпке қайтып оралуды талап еттi.

    Ашу қысып, зығырданы қайнаған елдi басу үшiн патша үкiметi бұрынғы ел билеген сұлтандарды араға салып көрдi. Бiрақ халық олардың сөзiне құлақ аспады. Қайта олардың өзiн елдiң көзiнше масқара еттi. Ендi үкiмет билiгi мұсылмандардың Уфа губерниясындағы дiни басшылығына қолқа салды. Халық арасында енгізіліп жатқан жаңа тәртiп қазақтарды шоқындырады, әскер қатарына алып, алым-салық түрлерiн еселеп арт- тырады екен деген қауесет тарап кеттi.

    Жаңа ереженiң қағазға басылған нақты нұсқалары болған жоқ. Қазақ даласына үстi-үстiне жiберiлiп жатқан комиссиялар оны ауызекi түрде айтып түсiндiре алмады.

    Әуелi Орал облысында басталған толқу бiрте-бiрте көршiлес Торғай облысын да қамтыды. Қазақтардың 600–700 адамнан тұратын жасақтары ауыл-ауылды аралап, патша үкiметiнiң әкiмшiлiгiне бағынбауға, басқарудың жаңа тәртiбiнен бас тартуға шақырды.

    Қазақтарды бейбiт жолмен тыныштандырудың сәтi түспедi, ол ешқандай нәтиже бермедi.

    Мамыр айында Жайық бойындағы қазақ даласына жазалаушы әс- кери отрядтар жiберiлдi. Олардың құрамында жалпы саны 1700 солдат, бiрқатар зеңбiрек болды. Әскери қақтығыс орын алып, қантөгіске ұласты. 1868 жылдың мамырында қазақтар Жамансай деген жерде фон Штемпельдiң құрамында 200 солдаты бар жаяу әскер ротасына шабуыл жасады. 20 мыңға жуық қазақ оларды, яғни жазалаушы отрядты жетi күн бойы қоршап, тырп еткiзбедi. Сөйтiп, жемшөбi мен азық-түлiгi қалмаған жазалаушылар керi қайтып кетуге мәжбүр болды. Юрковский бастаған жазалаушы әскер де Орынбор шегара шебiне шегiнiп кеттi.

    1868 жылғы маусымның бас кезiнде Орал облысындағы көтерiлiс өзi- нiң шырқау шегiне жеттi. Қарапайым көшпелi халықтың ашу-ызасы ендi жергiлiктi ақсүйектерге де қарсы бағытталды. Жаңа ереженi қабылдауға келiсiм берген ақсүйектердiң ауылдарына шабуыл ұйымдастырылды.

    Торғай мен Орал облыстарындағы көтерiлiстiң кеңiнен өрiстеуi патшалық Ресейдiң жергiлiктi әкiмшiлiктерiн ғана емес, оның орталық үкiметiнiң де мазасын кетiрiп, үрейiн ұшырды. Сондықтан да оны аяусыз басып тастау үшiн патша үкiметi Петербургтен, Мәскеуден, Харьковтан және Қазаннан жалпы саны 5 мыңға жуық солдаты бар жазалаушы әскер жiбердi. Соның iшiнде Орал облысында подполковник Рукин мен Верев- кин бастаған жазалаушы әскерлер жойқын қимыл көрсеттi. Көтеріліс біртіндеп әлсірей бастады.

    1. Маңғыстаудағы көтерiлiс. Жаңа ереже енгiзiлгеннен кейiн Маң- ғыстау түбегiндегi адайларда жер мәселесi қатты шиеленiсiп кеттi.

    1870 жылдың наурызында Маңғыстау приставы подполковник Рукин құрамында 38 казак солдаты, 4 зеңбiрегi бар әскери жасағын бастап және беделдi деген рубасыларын ертiп, Құрып деген жерде Хиуаға қарай көшiп бара жатқан ауылдардың алдынан шықты. Оның бұл қылығы қазақтардың көтерiлiске шығуына түрткi болды. Бозашы деген жерде досан Тәжiұлы, Иса Тiленбайұлы 200-ге жуық қарулы қол жинады. Кескiлескен шайқас басталып кеттi. Көп ұзамай Рукин бастаған әскери жасақ тас-талқан болып жеңiлдi. Жаралы болған Рукин өзiн-өзi атып өлтiрдi. Бұл жеңiс көтерiлiсшiлердiң рухын көтерiп, оларды жiгерлендiре түстi.

    Көтерiлiс Маңғыстау түбегiн түгел қамтыды. Алек- сандровск фортының және Николаев станицасының балықшылары жұмысқа шықпай, жаппай наразылық бiлдiрдi. Қайықтарды тартып әкету басталды. Сарытау шығанағында тартып алынған қайықтардан қазақтар өздерiнше флотилия құрып алды. Кейiнiрек ол флотилия Александровск фортын қоршауға қатысты. Көтерiлiске қатысушылардың саны 10 мың адамға жеттi.

    1870 жылдың сәуiрінде көтерiлiсшiлер Александровск форты мен Ни- колаев станицасына шабуыл жасады. Олар форттың маягын өртедi және Нижнее бекiнiсiн қиратты. Алайда зеңбiректiң үстi-үстiне жарылған сна- рядтарына шыдай алмай, кейiн шегiнуiне тура келдi. Көтерiлiс жергiлiктi отаршыл өкiмет билiгiнiң ғана емес, сонымен қатар орталық үкiметтiң де зәресiн ұшырды.

    Осы кезде Англияның Ирандағы ықпалы едәуiр күшейе түскен едi. Патша  үкiметi  Хиуа  хандығына  қарсы  шабуыл  жасау  мақсатымен  өз әскерiн  Красноводск  төңiрегiне шоғырландыра бастады. Маңғыстаудағы көтерiлiс орталығы олардың ту сыртында қалды. Ондағы көтерiлiстi басу Кавказдағы аймақтың бастығына жүктелдi. Сөйтiп, мамыр айының аяқ кезiнде Кавказдан Маңғыстауға әскер күшi жеткiзiлдi. Адай-қазақтардың жан аямай қарсы тұрғанына қарамай, көтерiлiс жеңiлiске ұшырады, күштi қаруланған тұрақты әскерлерге төтеп бере алмады. Патша әскерлерi көтерiлiсшiлердi жазалау үшiн оларды барлық жерден тiмiскiлеп iздестiрумен болды. 1873 жылы адайлардың кезектi жаңа көтерiлiсi бұрқ ете түстi. Бұл көтеріліс те жеңіліске ұшырады.

    1. Көтерiлiстiң жеңiлу себептерi мен салдары. Көтерiлiсшiлер жеңi- лiс тапты. Өйткенi көтерiлiс жергiлiктi тар көлемдегi сипатта болды. Қазақтар түгел бас қосып, бiртұтас майдан аша алмады. Көтерiлiсшiлердiң қару-жарағы нашар едi. Олар негiзiнен қылышпен, айбалтамен, найза- мен, садақпен қаруланды. Оқ ататын мылтық жетiспедi. Оқ-дәрi де тапшы болды. Рубасыларының бiр бөлiгi көтерiлiсшiлердi қолдамады. Бұл кезде патшалық Ресей Қазақстанды барлық жағынан бiрдей әскери бекiнiстер- мен құрсап, қоршап алып үлгерген едi.

    Патша үкiметiнiң әскерлерi Маңғыстауда үш ай бойы тұрып алды. Жергiлiктi өкiмет билiгi көтерiлiсшiлердi қатаң жазалады. Кавказ әскери әкiмшiлiгi Маңғыстауда қалған 8 мың үйден түтiн салығын және басқа да алымдарды – барлығы 58 мыңдай сомды жинап алды. Оның үстiне, адайлар 90 мың қой мөлшерiнде контрибуция (соғыс шығындарын өтеу) төлеуге мәжбүр болды.

    Көтерiлiсшiлерге барынша қатаң шаралар қолданылды. Реформа енгiзуге наразы болғандар Қазақстан аумағынан тыс жаққа жер аударыл- ды. Мәселен, Торғай облысының бiр өзiнен ғана 1880 жылы 500 адам, ал 1890 жылы 3 мыңға жуық адам жер аударылды.

    Көтерiлiстiң басшылары 1870 жылдың желтоқсанында ағайын-туыс жақтастарымен Хиуа хандығының аумағына өтiп кеттi.

    Сұлтан Ханғали Арыстанұлы бастаған 57 мыңға жуық қазақ осылай iстеуге мәжбүр болды.

    Патша үкiметi орыс шаруаларын қаруландыруды күшейтуге көштi. Мәселен, 1892 жылдан 1901 жылға дейiн бiр ғана  Жетiсу  жерiндегi  орыс  шаруаларына 9 мыңнан астам мылтық берiлдi. Мұның өзi жергiлiктi

    халық пен қоныс аударып келген орыс шаруалары арасындағы қарым- қатынастың нашарлауына алып келдi.

    Халық арасында жаңа толқулар туып кетедi деген қауiппен, олардың алдын алу үшiн ХIХ ғасырдың соңында патша үкiметi Қазақстанда құпия мәлiметтер жинап тұратын жалдамалы агенттер тобын құрды. «Өте сенiмдi» деген қазақтардан әр уезден екi жансыз жасырын тағайындалды. Олар жергiлiктi халықтың көңiл күйi туралы патша үкiметiне қажеттi құпия мәлiметтер жинаумен айналысты.

      1. ресей сот жүйесiнiң енгiзiлуi. Жаңа әкiмшiлiк басқару жүйесi бойынша жергiлiктi тұрғындар тарапынан жасалған бiрқатар қылмыс- тар үшiн жалпыимпериялық заң негiзiнде жауапкершiлiкке тарту ша- ралары қарастырылды. Христиан дiнiне қарсы әрекет, жаңа басқару жүйесiне наразылық таныту, алым-салық төлеуден және мемлекет үшiн түрлi мiндеткерлiктер атқарудан бас тарту қылмыстары билер сотының қарауынан алынып, жергiлiктi отаршылдық билiктiң құзыретiне берiлдi. Билер 3 жылдық мерзiмге сайланатын болды. Олардың қызметi уез- дiк начальник тарапынан қатаң қадағаланды. Ел арасында би сайлаудаХIХ ғасырдың 80–90-жылдарында әкiмшiлiк реформалардың одан әрi жалғасуы. 1869–1873 жылдары Кiшi жүзде болған көтерiлiстер патша үкiметi жүргiзген реформалардың әлi аяқталмаған сипаты бар екенiн дәлелдеп бердi. Реформаларды одан әрi жалғастыру қажет- тiлігi басқа да себептерге байланысты болды. Қазақстанның үш генерал-губернаторлыққа бөлiнуi Ресейдiң еуропалық бөлiгiндегi ша- руаларды Қазақстанға көшiруге байланысты мәселелердi жедел әрi жүйелi түрде шешуге мүмкiндiк бермедi. Орта Азияны Ресей им- периясына әскер күшiмен қосып алудың сәтi түстi. Мұның өзi орасан зор кең-байтақ аумақ- ты басқаруды, қайта құруды және қаржы мәселесiн үнемдеудi талап еттi. Патша үкiметi бұл мiндеттi қазақ өлкесiн Ресейдiң өзге бөлiктерiмен бiрте-бiрте бiрiктiру арқылы шешудi жоспарлады. 1867–1868 жылдардағы ережелердiң әуел баста-ақ уақытша, яғни өтпелi сипаты болып едi. 1882 жылы Дала генерал-губернаторлығы құрылды. Оның құрамына Қазақстанның Ақмола, Семей, Жетісу облыстары түгел кiрдi. Жаңа аумақтық құрылымның орталығы Омбы қаласы болды. Орал және Торғай облыстары тiкелей Iшкi iстер министрлiгiне бағындырылды.

        ХIХ ғасырдың 80–90-жылдарындағы әкiмшiлiк реформалар Қазақстанда отаршылдық билiктiң рөлiн күшейттi. Генерал-губернаторларға шексiз өкiлеттiк билiк берiлдi. Бұдан «бөлiп ал да, билей бер» деген империялық пиғыл айқын аңғарылды. Сөйтiп, бұрынғы бiртұтас Кiшi жүз ендi үшке бөлiндi. Соның салдарынан оның бiр бөлiгi Iшкi Орданың, екiншi бөлiгi За- каспийск облысының, ал үшiншi бөлiгi Дала генерал-губернаторлығының құрамында болды. Патша үкiметiнiң мұндай қадамға баруы Кiшi жүз қазақтарының қайта-қайта көтерiлiс жасай беруiне байланысты едi. «партиялық» тартыстар өрши түстi. Би болып кездейсоқ және қоғамда беделi мен қабiлетi жоқ адамдар да сайлана бастады. Осыдан барып қазақ өмiрiндегi билердiң абыройы мен беделi төмендедi.

      1. реформалардың мазмұны. Генерал-губернаторға саяси тұрғыдан сенiмсiз қазақтарды әкiмшiлiк жаза ретiнде жер аударып жiберуге толық құқық берiлдi. Iрi қалаларда полиция басқармалары құрылды. Қазақ- тың дәстүрлi билер сотына шектеу қойылды.

      Ресейдiң еуропалық бөлiгiнен шаруаларды Қазақ- стан жерiне жаппай қоныс аударту iсiн ретке келтiру мақсатымен Қоныс аударту басқармалары құрылды.

      Түтiн салығының мөлшерi артып, 4 сомға дейiн жеттi. Мұның өзi қазақ халқының әлеуметтiк-экономикалық жағдайына келеңсiз әсер еттi.

      ХIХ ғасырдың 80–90-жылдарындағы әкiмшiлiк реформаларын жүзеге асырудың одан әрi жалғасуы қазақ өлкесiн Ресей империясының отар ретiндегi шет аймағына түпкiлiктi айналдырды. Өлкеге басшылық жасау бiр орталыққа бағындырылды.

      Кейін шаруа бастығы деген жаңа лауазым енгiзiлдi. Олар мәртебесi жағынан қазақтың болыстарынан жоғары тұрды. Шаруа бастықтары қоныс аударту мәселелерi бойынша бiржақты бағыт ұстап, орыс шаруаларының мүддесiн қорғаумен ғана айналысты. Жергiлiктi тұрғындардың өтiнiш- талаптарымен санаспады. Сондықтан да қазақтар өздерiнiң үндеулерi мен петицияларында бұл қызметтi жоюды ұдайы талап етумен болды. Полиция қызметiнiң мiндетiн қоса атқару ауыл старшындары мен болыстардан алынып, полиция мен шаруа бастықтарының құзырына тапсырылды. Өлкеге Ресейдiң еуропалық бөлiгiнен шаруаларды жаппай қоныстандыру үшiн барлық жағдай жасалды. 

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *