Демократия мен демография сӛзі біздің тілге аударғанда «халықтық билеу» және «халықтың орналасуы» ұғымын білдіреді.
Қазақстан Республикасы егеменді мемлекетінің халқы ӛзінің этникалық аумағын және демографиялық құрамын құру процесінде күрделі, ауыр тарихи жолдан ӛтті. XV ғ. ортасында қалыптасу кезеңінде Қазақ хандығындағы тұрғындардың санын 200 мыңдай адам құрды. Келесі 70 жыл бойы қазақ халқын және оның аумағын жинау арқылы тұрғындардың ӛсуі жүрді. XVI ғ. басында Қасым хан құзырындағы азаматтар саны 1 млн. адамды құрды.
Қазақстан халқы кӛп ұлтты құрамының құрылу басына орыс үкіметінің қудалауынан қашқан орыс, украин, татарлар және басқа ұлт ӛкілдері казак еркіндігіне біріккен кездегі XVI ғ. жатады. 1890-шы жж. Ресей және Украинадан шыққан шаруа отарлауы күшейеді. Ресейдің әскери және кӛші-қон экспансиясы барысында құрылған, бекініс негізінде орыс, украин және татар басымдылығы бойынша орналасқан алғашқы колониалдық қалалар пайда болды. 1881-1883 жж. Синьцзяннан (Қытай) 50 мыңға жуық ұйғырлар мен дүнгендер кӛшіп келді, олардың кӛбі Қазақстан аумағында орналасты. 1897 ж. Ресей империясы халқының есеп-санағы деректері бойынша Қазақстан аумағында үш аса ірі этникалық топтар ерекшеленді: халықтың 81,7% құрған қазақтар, орыстар — 10,9 және украиндықтар —1,9%. Бірақ 1914 ж. қазақтардың салыстырмалы салмағы 65,1-ге дейін тӛмендеді, ал шығыс славяндар (орыс, украин, белорустар) саны 29,6% ӛсті. Демек, 1897-1914 жж. қазақтардың салыстырмалы салмағы 16,6 пунктіне тӛмендеді, ал славян халқының саны 16,8 пунктіне дейін ӛсті.
ХІХ ғ.соңғы он жылдығында – ХХ ғ. басында столыпин аграрлық реформаға байланысты Қазақстаның шаруалық отарлауы ерекше күшейді. 46 жыл ішінде (1871-1917 жж.) ӛңірде 1,6 млн. астам адам мекендеді, олардың басым кӛпшілігі 1907-1916 жж. келді. Осының нәтижесінде ХІХ ғ. соңында – ХХ ғ. басында Қазақстан халқының кӛп ұлттық құрамының құрылу процесі жылдамдатылды.
ХХ ғ. басында ӛңірде 60-қа жуық ұлттардың ӛкілдері ӛмір сүрді, олардың арасында түркі тілдес халықтан басқа (ӛзбек, ұйғыр, қырғыз, қарақалпақ, татар, башқұрт және т.б.), немістер, поляктар, мордавалар, дүнгендер, тәжіктер, еврейлер және т.б. болды.
Бірінші дүниежүзілік соғыс жылдарында қазақтардың саны қысқарды, бұл табиғи және ӛлімжітімнің ӛсу деңгейінің тӛмендеуімен түсіндіріледі. Жүздеген қазақтар жазалаушылар қолынан қаза тапқан және империя шегінен қашуға мәжбүр болған кездегі 1916 ж. кӛтерілістің жеңілу салдары болды. Тек 1916 ж. Жетісу облысынан 150 мың қазақ қоныс аударды. Осылай ӛзінің ежелгі аумағында қазақтардың азшылыққа ауысу негіздері салынды.
Этно-демографиялық дамудың осы және басқа тенденциялары, әсіресе Қазақстанның кӛпұлтты тұрғындарының күшею процесі қазаннан кейінгі кезеңде, Кеңес ӛкіметі жылдарында кенет түрткіні алды, бұл әлеуметтік индустриаландыру, ұжымдастыруды жүзеге асырумен, басқа әлеуметтік-экономикалық ӛзгертумен, Ұлы Отан соғысының салдарларымен байланысты болды.
Қазақ халқының демографиялық дамуына жағымсыз әсер еткен барлық облыстарда кӛші-қон саясаты теріс рӛлді ойнады.
1924 ж. Орта Азия республикаларының ұлттық-аумақтық межелеуі ӛтті, оның нәтижесінде Түркістан АКСР-дің қазақ аудандары (Сырдария және Жетісу облыстары) Қазақстан құрамына кірді. Орынбор губерниясы Ресей Федерациясына берілді. Республиканың демографиялық жағдайында белгілі ӛзгерістер пайда болды. 1926 ж. санағы бойынша Қазақстанның қазіргі шекарасында 6198,4 мыңнан астам адам ӛмір сүрді, олардың ішінде қазақтар — 58,5%, орыстар – 20,6, украиндықтар – 13,9, ӛзбектер – 2,1, татарлар – 1,3, ұйғырлар – 1,0, немістер – 0,8 және т.б. Егер 1897 ж. Бүкілресейлік санақтың деректерімен салыстыратын болсақ, осы 29-30 жыл ішінде республиканың тұрғындары шамамен 1,5-ке ӛсті, соның ішінде орыстар – 2,8-ге, басқа ұлт ӛкілдері – 4,3-ке, қазақтар тек – 234,8 мың адамға ӛсті, яғни 7%. Қазақтардың салыстармалы салмағы 23,2 пунктіне тӛмендеді, орыстар -9,6 пунктіне, басқалары – 13,7 пайыз пунктіне дейін ӛсті.
1920 ж. соңында – 1930 ж. басында Ресей, Украина және т.б. республикаларынан кулактанған арнайы кӛшіп келген-шаруалар, сонымен қатар қоныстанған орындарда коммуналар мен ауылшаруашылық артельдерін ұйымдастырған әскерден қайтқан қызыл әскерлері мен шаруа-қоныс аударушылар елдің еуропалық бӛлігі және Сібірден Қазақстанға келе бастады. 1928-1930 жж. ішінде елдің әр түрлі облыстарынан құрылған совхоздарына жұмыс істеу үшін Қазақстанға 65 мың отбасы келді. 1940 ж. Украина және РКФСР, әсіресе Мордовия, Чувашия, Татария және басқа республикалар аудандарының аз жерлерінен еркімен келген-шаруалардың ұйымдасқан қоныс аударуы басталды. Қазақстанға 24,4 мыңнан астам отбасылар келді, олар тың жерлерінде астық шаруашылығын дамыту үшін республиканың солтүстік облысында орналасты.
1930-шы жж. аяғында этникалық топтар қатарының жер аударуы басталды, олардың жартысы Қазақстанға қоныс аударды. 1937 ж. қазан-қараша айында Қазақстанға Қиыр Шығыстан 110 мың корейліктер, Әзербайжан және Армениядан – 2,4 мыңнан астам иран, әзербайжан, құрд және армян отбасылары Оңтүстік Қазақстан, Жамбыл, Алма-Ата облысына қоныс аударды. Соғыс қарсаңында Батыс Украина және Батыс Белоруссиядан поляктар, сонымен қатар Балтық жағасының азаматтары жер аударды.
1939 ж. санағы бойынша республикада 6094 мың адам ӛмір сүрді, яғни 1926 ж.
салыстырғанда, республика тұрғындарының саны 105 мыңға немесе 1,7%-ға қысқарды. Үлкен шығын қазақтарға келді, олардың саны енді 2 314 мың адамды құрды, 1926 ж. салыстырғанда, 1 314 мыңға немесе 63,8%-ға тӛмендеді. Таза украиндықтар саны 203 мыңға, ӛзбектер – 26 мыңға, ұйғырлар – 28 мыңға аз болды. Бірақ 1926-1939 жж. кезеңінде басқа этностар санының кӛбеюі болды, әсіресе орыс – 1174 мың адамға, яғни 92%, татар – 27 мыңға — 34%, белорусстар – 6 мыңға — 22% кӛбейді. Сӛйтіп, 1939 ж. Қазақстанда этностардың жаңа арақатынасы қалыптасты.
Тың және тыңайған жерлерді игеру үшін 1954-1962 жж. Қазақстанға 2 млн. жуық адам, негізінен елдің еуропалық бӛлігінен келді. 1959 ж. орыстардың салыстырмалы салмағы 42,7%-ға жетті, ал 1939 ж. салыстырғанда, қазақтардың 8 пунктіне құлады, бұл барлық 30% ғана құрады. Басқа этникалық топтардың салыстырмалы салмағы кенет ӛзгерген жоқ. 1959 ж. республиканың тұрғындары 9294741 адамды құрды, яғни соғысқа дейінгі санын 1,5 есеге асырды. 20 жыл ішінде (1939-1959 жж.) қазақтардың саны 474 мың, орыстар – 1523 мың (62%), украиндықтар – 105 мың (16%), татарлар – 85 мың (79%), ӛзбектер – 33 мың (32%), белорусстар – 76 мың (3,4 рет), ұйғырлар — 24,4 мың (69%), басқалар — 311 мың адамдар (2,6 рет) саны ӛсті. 1939 ж. немістердің саны 92379 адам болғаны белгілі, ал 1959 ж. 659658, әзрбайжандар – 12 мың және 38 мың адам болды.
- ж. 40%-ға кӛбейіп, Қазақстан халқын 13 млн. адам құрды, оларда қазақтар саны 4234 мың (32,6%), орыстар – 5522 мың (42,5), украиндықтар – 933 мың (7,2), немістер — 858 мың. (6,6), татарлар — 288 мың (2,2), ӛзбектер — 216 мың (1,7), белорусстар — 198 мың (1,5), ұйғырлар — 121 мың (0,9), корейліктер — 81 мың (0,6), әзербайжандар — 58 мың (0,4), басқа ұлттар — 498 мың болды.
1970-1990 жж. кӛші-қон кӛбеюдің теріс республикаралық ӛсуі байқалды. 1970 ж. кӛші-қон жылыстауы 35 мың адамды, 1988 ж. 95 мың адамды құрды. Қазақстандағы олар үшін сәтсіз саяси процестер нәтижесінде Ресейге орыстардың жылыстауымен 1985-1988 жж. республикаралық жоғалтулардың ӛсуі күшейді. 1983-1987 жж. Қазақстандағы халықаралық эмиграциясы аз санды болды. 1988 ж. КСРО-дан эмиграцияға шектеуі түсіріле басталды. 1988 ж. Қазақстаннан 23,5 мың адам қоныс аударды, бұл процесс 1990 ж. да жалғасты және 92,3 мың адамға дейін жетті. Эмигранттардың негізгі бӛлігін немістер, еврейлер, гректер құрды. 1989-1990 жж. мемлекетаралық теріс кӛші-қон кӛбеюінің қысқаруы 1989 ж. 46,8 мыңнан 1990 ж. 38,6 мыңға дейін байқалды. 19881990 жж. Қазақстаннан мемлекетаралық кӛші-қон бойынша шығатындар арасында орыстар саны 53-55%, украиндықтар -9-12, немістер 6-8, қазақтар 6-9% болды, ал 1990 ж. республикаға келгендер арасында орыстар саны 48%, украиндықтар -8, немістер – 5, қазақтар – 20% құрды. Осылай 1990 ж. республикааралық кӛші-қон бойынша орыстар саны 17,7, украиндықтар саны – 4,1 мыңға қысқарды, қазақтар саны 16,6 мың адамға ӛсті.
Қазақ этностарын жинастыру процесі күшейді. 1989 ж. бастап Ӛзбекстан (әсіресе Қарақалпақстаннан), Ресей, Түрікменстаннан Қазақстанға қазақтардың қайта оралу процесі қайта жалғасты. 1991 ж. бастап, тұрғындар кӛші-қонында жаңа кезеңі басталды. Бұл Қазақстаннан келген қазақтар емес тұрғындар жылыстауының ӛсуімен, Ӛзбекстан (соның ішінде Қарақалпақстан), Түрікменстан және Ресей елдерінен қазақтардың кӛші-қон ағынының ӛсуімен сипатталады. 1991 ж. Қазақстанның ТМД елдерімен кӛші-қон айырмасы 10 мың адамды құрды, ал Қазақстанның солтүстігі мен шығысы барлық ТМД елдерінен орыстарды жинады. 1991 ж. Монғолиядан қазақтардың келуі байқалды – 12,5 мың адам, олар сол жерде мәңгілікке қалуды кӛздеді. Барлығы Монғолиядан 1991-1992 жж. ішінде 41 мың қазақтар келді.
1991 ж. Қазақстанның этномиграциялық нәтижесі бойынша қазақтар плюс 41,0 мың адам, орыстар бойынша минус 24,0 мың адам болды. Қазақстанның оңтүстік және батыс облыстарынан, тек солтүстік облыстарына орыстардың келуі айқын, сонымен қатар Семей, Торғай, Жезқазған облысынан орыс тілді тұрғындардың жылыстауы байқалды. 1926-1979 жж. кезеңінде демографиялық процестер ағымының жалпы тенденциясы демографиялық сипаттамалардың түзелуін және әр түрлі бағыттар тенденцияларының бір мәндіге айналуын кӛрсетеді.
1980 ж.-дан бастап, Қазақстанның оңтүстігінен солтүстігіне, сонымен қатар республиканың батысынан солтүстігіне қазақтардың ауысуы байқалады. Сонымен қатар қазақтардың бір бӛлігі Ресейден, Орта Азиядан, Монғолиядан және т.б. елдерден Қазақстанға қайта оралуының жалғасы айқын кӛрініп тұр. Осы процесс он тоғыз облыс ішінен он бірін этнодемографиялық басымдылығына әкелді.
2015ж. 1 ақпанға еліміздегі халық саны 17 439,3 мың адамды құрады, соның ішінде қалалықтар – 9 646,3 мың (55,3%), ауылдықтар – 7 793,0 мың адамды (44,7%) құрады. 2014 жылғы 1 ақпанмен салыстырғанда халық саны 252,3 мың адамға немесе 1,5% ӛсті. АХАТ органдары ұсынған азаматтық хал актілері жазбаларындағы мәліметтерді ӛңдеу нәтижесінде, 2015ж. қаңтарда туылғандар саны 33,4 (33,7) мың адамды құрап, 2014 жылғы қаңтарға қарағанда 0,9% кеміді. Туудың жалпы коэффициенті 1000 адамға 22,44 (22,96) туылғандарды құрады.
Қарастырылып отырған кезеңде қайтыс болғандар саны 11,7 (12,2) мың адамды құрап, 2014ж. қаңтарға қарағанда 0,5 мың адамға немесе 4,1% азайды. Ӛлім-жітімнің жалпы коэффициенті 1000 адамға 7,89 (8,34) қайтыс болғандарды құрады. 2015ж. қаңтарда республика халқының табиғи ӛсімі 2014ж. қаңтармен салыстырғанда 0,2 мың адамға немесе 1% артып, 21,7 (21,5) мың адамды құрады. Табиғи ӛсімнің жалпы коэффициенті 1000 адамға шаққанда 14,55 (14,62) адамды құрады.
Кӛші-қон полициясы органдары ұсынған келу/кетуді статистикалық есепке алу талондарындағы мәліметтерді ӛңдеу нәтижесінде, 2015 жылғы қаңтар елімізге тұрғылықты тұруға келгендердің тіркелу саны (кӛшіп-қонушылар) 2014 жылғы қаңтармен салыстырғанда 2,5% ӛсіп, 1 730 адамды құрады. Елімізден кеткен кӛшіп-қонушылардың тіркелу саны 12,2% кӛбейіп, 1 589 адамды құрады, кӛші-қонның айырымы 141 адам болды. Еліміздегі негізгі кӛші-қон алмасуы ТМД мемлекеттерімен болуда. ТМД елдерінен келгендердің және сол елдерге кеткендердің үлесі, тиісінше, 89,5% және 89,0% құрады. Қарастырылып отырған кезеңде 2014ж. сәйкес кезеңімен салыстырғанда ел ішінде кӛшіп-қонушылар саны 13 804 адамға немесе 49,3% кӛбейіп, 41 796 адамды құрады. Ӛңіраралық кӛшіп-қонушылардың үлесіне еліміздің жалпы ішкі кӛшіп-қонушылар санының 40,4% (43,7%) тиесілі. Ӛңіраралық кӛші-қонның оң айырымы Алматы (2 690 адам), Астана (473 адам) қалаларында және Ақмола (124 адам), Маңғыстау (78 адам), Ақтӛбе (11 адам) облыстарында қалыптасты.
2009 жылғы халық санағынан кейін қазақ халқының үлесі 63,1%, ал орыс халқы 23,7% болды, 2013 жылдың 1 қаңтарына қазақ халқының пайыздық үлесі 65-ті құрап отыр, орыстар 21,8 пайызға дейін қысқарды. Бұл ретте кӛпшілігі айтып жатқандай орыс ұлтының жаппай кӛшу мәселесі жоқ. Қазақтардың жылдам ӛсуі олардың үлесін кӛбейтуде (табиғи ӛсім 200 мың үстінде). Қазіргі үрдістер жалғаса беретін болса, болашақта біздің елдің демографиялық бет-бейнесі күрделі ӛзгереді.
Кӛші-қон қозғалысының шырқау шыңы – республикадан 480,8 мың адам кӛшіп кетіп, небәрі 70,4 мың адам кӛшіп келген 1994 жыл екені белгілі. 1995 жылдан бастап халықтың кӛші-қон белсенділігі бәсеңси бастады, 1997 жылдың ӛзінде кӛші-қон сальдосы — 261,4 мың адам болса, ал 2000 жылы бұл кӛрсеткіш — 123,2 мың адамға тең болды. 2001 жыл ішінде кӛші-қон сальдосы —
94,249 мың адам болды, бұл 2000 жылмен салыстырғанда 28591 адамға аз. Эмигранттар құрамында ТМД шегінен тыс жерге кетушілер едәуір азайды, кӛшіп келуде байырғы емес ұлттар ӛкілдері санының кӛбеюі байқалды.
Халықтың эмиграциясы біріншіден, халықтың жалпы санын азайтады, екіншіден, еңбек және генеративтік әлеуетті тӛмендетеді, ӛйткені эмиграцияға кетушілердің үштен екісі – жас және еңбекке қабілетті жастағы адамдар.
Сондықтан демографиялық процестерді дамытуда сыртқы және ішкі кӛші-қон шешуші рӛл атқарады.
Эмигранттар саны азайып келе жатыр, Қазақстаннан кӛшіп кетушілер саны 1994 жылмен салыстырғанда 2002 жылы 360,7 мың адамға азайып, ол 120,1 мың адам болды. Сыртқы кӛшіқонның маңызды бӛлігін Қазақстанның геосаяси және экономикалық жағдайынан туындаған кӛшіп келу құрайды. Егер ӛткен жылдарда кӛшіп келушілердің негізгі легі-оралмандар болса, енді қайта кӛшіп келушілер (эмигранттар) кӛбейіп келеді№ 2002 жылы республикаға кӛшіп келгендердің саны 57965 адам болды, бұл 2001 жылғымен салыстырғанда 8 пайызға кӛп.
Миграция негізінен Ресей аймақтарына қарай жүруде, себебі осы монофункционалдық қалалардың халқының кӛп бӛлігі – орыстар. Тек 1994 жылы ғана (халық ағылып кӛшкен сәт) Қазақстаннан тысқары жерлерге 480839 адам, оны ішінде жақын шетелге 375806 адам, алыс шетелге 105033 адам кӛшіп кетеді. Миграция процесі кӛптеген ұлттың ӛкілдеріне қатысты болды, бірақ кӛп бӛлігі орыстар, немістер және еврейлер.
Эмиграцияның құлдырауы байқалса да, талдаушылардың қортындысы бойынша халықтың эмигранттар және депуляция есебінен жыл сайынға кемуі азды-кӛпті лидер миллион адамды құрайды (жыл сайын 250-270 мың адам, мысалы, 1997 жылы ҚР тысқары 234 мың адам кӛшіп кетті). Қазақстанның ӛзінің ішкі табиғи ӛсуі (негізінің әліде онтайлы орташа балалы болу сақталып отырған шығыс этностары есебінен) кеткен халықтың (1995-1999 жылдары 110-170 мың, 200-2005 жылдары 175-135 мың) жалпы санының 1/3-ін ғана жабады.
Кӛп миллион халқы бар Қытай мен халқы жылдам ӛсетін Орта Азиямен кӛршілес Қазақстанның күрделі геостратегиялық жағдайы ӛзіне назар аударады.
Кӛші-қонға байланысты Республикада орыстардың табиғи ӛсімі күрт тӛмендеді. Сырт елдерден келгендер республиканың түкпір-түкпіріне орналасты. 1991-1995 жылдары Қарағанды облысына 5900, Павлодар облысына 4429, Кӛкшетау облысына 2429, Ақмола облысына 1500, Жезқазған облысына 1924, Торғай облысына 1508, Солтүстік Қазақстан облысына 16500 адам кӛшіп келеді.
БҰҰ демографтарының жіктемесі бойынша, қай елде 65 жастан асқандар жұртшылықтың 4 пайызын құраса, сол ұлт «жас» деп есептеледі, қарттары 4-7 пайыз аралығындағы елдер «егделікке жақындаған» мемлекет болады, 7 пайыздан асқан ұлттар «егделенген этнос» болып есептеледі. Дүниежүзілік жүктеме Қазақстан Халқы «егделенген» жұрт есебінде.
Қазақстанда үшінші кезең проблемасы зейнетақы реформасын жүргізу барысында қаржыландыру жағынан ӛз шешімін тауып келеді. Соңғы жылдарда қарттардың зейнетақысы уақытында тӛленіп жүр. Бюджеттік қаржыландыруда пәлендей қиындықтар болған жоқ. Егде адамдары кӛп орыс, украин, белорус, неміс жұртшылығы Ресей, Израиль, Грекия және Гермония елдеріне аттанды, қартаң адамдардың біразы соңғы бес-алты жылда (әсері сезілді) дүние салды.
Жастық, жыныстық құрылымдардың әсері сезілді. 1999-2004 жылдары 60-тан асқандардың саны азая берді. Оған себеп 1938-1941 жылдары туғандар санының аздығы. Демографиялық құрылым әсері дегеніміз осы-соғыстың алдында және соғыс жылдары туу күрт тӛмендеп, ӛлу ӛсіп кеткен. Ұлы Отан соғысы жылдары (1941-1945 жылдар) нәрестелер шетінеуі мен балалар ӛлімі қаулаған кез болды.
Кӛппартиялық жүйеге ӛтумен республика халықтарының мақсат-мүдделерін, талап-тілектерін жүзеге асыру жолында қызмет жасаған саяси партиялар қалыптасты. Жаңадан құрылған қоғамдық бірлестіктер мен саяси партиялар қоғамдық-саяси ӛмірді демократияландыру, саяси әр алуандық, халықтың әр түрлі әлеуметтік топтарының мүдделері мен құқықтарын қорғау, тұрақты әлеуметтікэкономикалық дамуға қол жеткізу мақсатында кеңінен қызмет жасады.
1990 ж. 1 наурызға қарай республикада 100-ге жуық қоғамдық ұйым қызмет істеп тұрды. 1991 жылы тамыз айында Мәскеуде мемлекеттік тӛңкеріс жасау әрекеті болды. Оған КОКП Орталық Комитетінің кейбір жетекшілері қатысты. Мұның ӛзі партияның, оның басшы органдарының беделін түсірді. Бұл жағдай Қазақстан Компартиясының жұмысына теріс әсерін тигізді. Сӛйтіп, 1991 жылғы қыркүйек айында ӛткен республика Компартиясының тӛтенше съезінде оның қызметі тоқтатылды. Ӛзін Компартияның ісін жалғастырушымыз деп санайтын Қазақстан социалистік партиясы құрылды. Оның құрамында сол кезде 50-60 мың мүшесі болды.
1992 жылы наурызда Қазақстан социалистік партиясының кезекті съезі ӛтті. Съезд республикадағы саяси, әлеуметтік-экономикалық жағдай және партияның таяудағы міндеттері, партияның бағдарламасы мен жарғысына ӛзгерістер мен толықтырулар енгізу сияқты мәселелерді талқылады.
1991 жылы қазанда жетекшілері О.Сүлейменов пен М.Шаханов болған Қазақстан Халық Конгресі партиясы құрылды. Сондай-ақ, бірқатар коммунистер бұрынғы Қазақстан Коммунистік партиясының қызметін қайтадан қалпына келтіруге әрекет жасады. Барлық саяси партиялар мен қоғамдық қозғалыстардың алдында тек демократиялық жолмен, Конституция талабына сай қызмет ету мақсаты қойылды. Олар парламенттік партияларға айналу, сайлаушылардың кӛп дауысына ие болу үшін күрес жүргізді. Бұл саяси партиялар мен қоғамдық қозғалыстар тек құқықтық жағдайда ӛзара түсінісу, келісу арқылы байланыс жасап отыруға тырысты. Қайта құру жағдайында Қазақстанның қоғамдық ұйымдарында да сапалық жаңа ӛзгерістер іске асты.
1991 жылы қазан айында Қазақстан комсомолының кезектен тыс ХҮІІІ съезі болып ӛтті. Съезд делегаттары республика комсомолын Қазақстанның жастар одағына ауыстыру жӛнінде шешім қабылдады. Оның алдында республика жастарының құқықтары мен мүдделерін қорғау міндеті қойылды.
Осы кезде кәсіподақтың жергілікті, әсіресе, бастауыш ұйымдарының рӛлін кӛтеруге ерекше мән берілді. Олар ӛздерінің мұшелерінен жиналған қаржыларды ұйым қажетіне жұмсауға толық ерік алды. Қазақстан Орталық кәсіподақ комитеті және облыстық кәсіподақ комитеттері салалы кәсіподақ Кеңестері болып қайтадан құрылды. Соңғы жылдардағы кәсіподақ ұйымдарының негізгі қол жеткен табысы – ол әр түрлі саяси және мемлекеттік ұйымдардан тәуелсіздік алды. Бұқара халықтың мүддесін қорғауда олар кӛптеген әлеуметтік-экономикалық мәселелерді мемлекеттік және шаруашылық органдарымен тең дәрежеде келісе отырып шеше алатын жағдайға қолдарын жеткізді.
Сондай-ақ бұл жылдары әйелдер кеңесіне балама ұйымдар әдеттен тыс тӛменнен пайда болды. Солдат аналарының комитеті, Қазақстан мұсылман әйелдерінің лигасы, кӛп балалы аналар, жанұялар одағы, ―Айша‖, ―Ақ отау‖ және Іскер әйелдер қауымдастығы құрылды.
Сӛйтіп, республикада 1991 жылы барлығы 120-дан астам дербес қоғамдық негізде бірлестіктер жұмыс істеді. Бұл жоғарыда аталған фактілердің барлығы ХХ ғ. 80-ші жылдардың 2-ші жартысында қоғамды қайта құру барысында Қазақстанның қоғамдық-саяси ӛмірінде демократиялық қатынастардың кең ӛріс ала бастағанын кӛрсетеді. Қоғамдық-саяси қозғалыстардың ішінен «Азат» (1990 ж. 1 шілде), «Поколение» (1992 ж. 24 қараша), «Лад» (1993 ж. мамыр), «Азамат» азаматтық қозғалысы (1996 ж. 20 сәуір) кең кӛлемді қызметімен ерекшеленді. Қазақстанда қоғамдық бірлестіктердің қалыптасуының келесі кезеңінде Қазақстанның либералдық қозғалысы (1997 ж. мамыр), «Қазақстанның болашағы үшін» (1998 ж. ақпан) жастар қозғалысы, «Қазақстан – 2030 үшін» (1998 ж. 6 қазан) қоғамдық қозғалысы, «Ӛрлеу» (1998), «Ақ жол» қоғамдық қозғалыстары (1998), Қазақстанның демократиялық таңдауы қоғамдық бірлестігі (2002), т.б. құрылды.
1989-1994 ж. аяғында Қазақстанда 500-ге жуық қоғамдық бірлестік ҚР Әділет министрлігінде тіркелді. 1998 ж. олардың саны 1500-ден асты, ал 2001 жылдың аяғына қарай елде 1700-ден астам ресми тіркеуден ӛткен қоғамдық бірлестік қызмет жасады. Қазақстан Республикасы тәуелсіздік алғаннан кейін елде кӛппартиялық жүйе қалыптасты. Қазақстанның социал-демократиялық партиясы (1990 ж. 26 мамыр), Қазақстанның социалистік партиясы (1991 ж. 7 қыркүйек), Қазақстан халық конгресі партиясы (1991 ж. 5 қазан), Қазақстанның республикалық («Азат») партиясы (1991 ж. 4 қыркүйек, 1999 ж. 29 мамырда «Алаш» ұлттық партиясы болып ӛзгерді), Қазақстан коммунистік партиясы (1991 ж. қазан), Қазақстан халық бірлігі партиясы (1993 ж. 6 ақпан), Қазақстан халықтық-кооперативтер партиясы (1994 ж. 15 желтоқсан), Қазақстан дәуірлеу партиясы (1995 ж. 27 қаңтар), Қазақстанның демократиялық партиясы (1995 ж. 1 шілде), Республикалық еңбек саяси партиясы (1995 ж. 18 қыркүйек), т.б. құрылды.
Кӛппартиялықты құқықтық жағынан реттеу Қазақстан Республикасы Конституциясының 5 бабында, сондай-ақ, Қазақстан Республикасының «Қоғамдық бірлестіктер туралы» (31.5.1996) және «Саяси партиялар туралы» (2.7.1996) Заңдарында қамтамасыз етілді. Қазақстанның кӛппартиялық жүйе дамуының келесі кезеңінде Қазақстанның азаматтық партиясы (1998 ж. 17 қараша), Қазақстан республикалық халықтық партиясы (1998 ж. 17 желтоқсан), Қазақстанның аграрлық партиясы (1999 ж. 6 қаңтар), Республикалық «Отан» партиясы (1999 ж. 19 қаңтар), «Азамат» демократиялық партиясы (1999 ж. 27 наурыз), Қазақстан әйелдерінің демократиялық паартиясы (1999 ж. 21 маусым), Қазақстан патриоттарының партиясы (2000 ж. 1 шілде) құрылды. 2002 жылдың 2-ші жартысында Қазақстанның бірлескен демократиялық, Қазақстанның «Ақ жол» демократиялық партиясының құрылтай съездері болып ӛтті.
2002 ж. 15 шілдеде қабылданған «Саяси партиялар туралы» жаңа заңда саяси партиялардың құқықтық негіздері, олардың құқықтары мен міндеттері, қызметінің кепілдіктері белгіленді, саяси партиялардың мемлекеттік органдармен және басқа ұйымдармен қатынастары реттелді. Кӛппартиялық институтының пайда болуы елде азаматтық қоғам орнатудың маңызды белгілерінің бірі. Бұл қоғамның саяси жүйесінің тиімділігін, елде демократияның орныққанын, саяси құқықтардың қамтамасыз етілгенін дәлелдейді.
2002 ж. елімізде 16 партия тіркелді. «Саяси партиялар туралы» Заңға 2002 ж. ӛзгертулер енгізілуіне байланысты, 2003 ж. Қазақстанның азаматтық партиясы, Қазақстанның аграрлық партиясы, Қазақстанның «Ақ жол» демократиялық партиясы, Қазақстан коммунистік партиясы, Республикалық «Отан» саяси партиясы, Қазақстан патриоттарының партиясы, Қазақстан социалдемократиялық «Ауыл» партиясы қайта тіркеуден ӛтті. Қазақстандағы саяси партиялар мен қоғамдық бірлестіктер әлеуметтік әділдік, демократиялық құқықтық мемлекет пен азаматтық қоғам, ұлтаралық және азаматтық келісім орнатуға жәрдемдесіп, Қазақстанның тұрақты дамуына, ӛзекті қоғамдық мәселелердің шешілуіне үлесін қосып келеді.
Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігін алғаннан бері БАҚ саласында түпкілікті ӛзгерістер жасауға және одан басқа әсіресе ӛз назарын азаматтардың құқықтары мен бостандықтарын заңнама тұрғысынан қамтамасыз етуді ұмтылды. Ең алдымен бұл демократиялық қоғамның негізгі кӛрсеткіші ретінде дамыған, күшті ұйымдасқан және БАҚ-тың тәуелсіздігін қажет екендігін айқын кӛрсетті. Осыған байланысты Қазақстанның Заңнамасына сай БАҚ-тың қызметіне араласуға тиім салынған, егер бұл Заңнамаға қайшы келмесе. Қазақстан Республикасы дербес мемлекетке айналғаннан бері, оның ақппарат рыногінің дамуын сипаттағанда мынадай бірнеше сатыларды кӛрсетуге болады: Бірінші саты – постсоветтік. Бұл кӛбіне 1992 жылға дейінгі бұқаралық ақппарат құралдарының дербес, тәуелсіз болмауы және мемлекеттік монополия меншігінде болуы. Екінші саты – мемлекеттің 1992-1996 жылдардағы дамуы мен түұрақтану кезеңі. Мемлекет тарапы ақппарат кеңістігінде ӛз ықпалын тӛмендетуге және жекеменшік, корпаративті, мемлекеттік емес БАҚ-тың дамуына жол беруі, сонымен бірге БАҚ саласында мемлекеттік үлестерін қысқартуы. Үшінші саты – либералдық кезеңмен сипатталады. Яғни, масс-медиа рыногінде айқын кӛрінген сапалық және кӛлем жағынан ӛзгерістерге тап болуы. Мемлекеттік БАҚ, полиграфиялық кәсіпорындарды приватизациялау процесінің басталуы мен мемлекетсіздендіру саясаттың кең ӛріс алуы. Жекеменшік масс-медиа компаниялары мемлекеттік ақппараттық саясатты жүргізуге құқылы бола бастады. Ол 1996-1997 жылдары іс-жүзінде ӛзін кӛрсете бастады.
Бұқаралық ақпарат құралдары (БАҚ) — арнайы ақпараттың кӛмегімен, кез келген тұлғаларға әртүрлі мәліметтерді ашық жариялауға арналған әлеуметтік мекемелер. Яғни, бұқаралық коммуникацияның жүйеленіп, жинақталуы үшән ақапарат тасымалдаушы және ақпарат жинақтайшу екі фактор қызмет етеді. Осы заманғы қоғамның ӛмір сүруін қамтамасыз етудегі бұқаралық ақпарат құралдарының рӛлі зор. Бұқаралық ақпарат құралдарының алғы шарттарының бірі – бұқаралық ақпарат еркіндігі, яғни сӛз еркіндігісіз азаматтық қоғамды елестету мүмкін емес. Демек,тәуелсіз қоғамдық бұқаралық ақпарат құралдарының рӛлі мен оның демократия үшін маңыздылығын зерделеуге тиіспіз. Бұқаралық ақпарат құралдарының мақсаты – елде және шетелде болып жатқан оқиғалар жайлы қоғамға нақты және кедергісіз ақпарат беру.Сӛзсіз,қоғамдық бұқаралық ақпарат құралдарының болуы және оның жұмыс істеуі-кез келген демократиялық мемлекеттің қажетті элементі. Біріншіден бұқаралық ақпарат құралдарының халық пен үкіметтің арасындағы байланысты ұйымдастырушы. Екіншіден,баспасӛз қоғамның әлеуметтік ӛміріндегі ӛзгерістерге жедел үн қосып отыруы.Осы арқылы заң шығарушы,атқарушы және сот биліктеріндегі ӛзара құбылмалық жӛнінде халықты хабар етеді.Бұқаралық ақпарат құралдарының қызметінің негізінде болып ӛткен,болып жатқан және алдағы уақытта болатын әлеуметтік ӛзгерістер жӛніндегі тәжірибелі түсінік алынады. Және де бұқаралық ақпарат құралдары қоғамдағы ӛзгерістерге нақты кӛзқарас қалыптастыруға мүмкіндік береді.
- Әдебиет: Негізгі:
- Сыздықов, С. «Мәңгілік ел» идеясы: қалыптасуы, үш негізі, тарихи сабақтастық: қоғамдық- саяси әдебиет — Астана : Фолиант, 2013
- Қуандық , Е. С. Қазақстан тарихы (ХХ және ХХI ғасырдың алғашқы жылдарындағы республика тарихының ӛзекті мәселелері бойынша лекциялар): оқулық. — Алматы :
ЖШС РПБК «Дәуір», 2012. — 512 бет,
- Жұмақаева Б. Д. Қазақстан тарихы : оқу құралы. 2011. — 320 бет.
- Тлеужанова, М. К. Қазақстан тарихы. 3 т.: оқу-әдістемелік кешені / — Алматы : Эверо, 2016. — 320 бет. с.90экз Қосымша:
- Қазақстан тарихы: лекциялар курсы / ред. басқ. Қ. С. Қаражан, 2011. — 376 бет. 2. Назарбаев Н. Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру. – Астана, 2017