Экономикалық дамудың қазақстандық үлгісі

 

Егемендік алған соң Қазақстан республикасы тәуелсіз мемлекет ретінде халықаралық аренаға шықты. 1992 жылы наурыздың 3 күні Қазакстан Біріккен Ұлттар Ұйымына мүше болды, сондай-ақ республика халықаралық валюта фонды, халықаралық қайта құру және даму банкі, халықаралық банк, дүниежүзілік денсаулық ұйымы және тағы басқа кӛптеген халықаралық ұйымдарға мүше болды. Тәуелсіз Қазақстанды бүгінгі таңда 113 мемлекет мойындады, олардың 105 мыңы елшіліктер, ӛкілеттер дәрежесінде дипломатиялық қатынас орнатты. Қазақстанда шет елдің 55, шет елде Қазақстанның 30 елшілігі бар.

Қазақстан Республикасының сыртқы саясаты халықтар арасында бейбіт және ӛзара тиімді қарым-қатынас орнатуға бағытталып отыр. Қазақстан ӛз территориясындағы ядролық қаруды жойып, ядролық қарусыз мемлекет статусын алды. Осының нәтижесінде Америка, Ресей, Қытай және тағы басқа ірі мемлекеттер Қазақстанның тәуелсіздігіне кепілдік беріп отыр.

Қазақстан Республикасы Азияда бейбітшілікті сақтап, осы құрлық елдерінің арасына сенімділік қатынас орнатты. Орта Азия Республикаларымен ТМД елдерімен саяси, экономика саласындағы қатынасты нығайтуға ерекше кӛңіл бӛліп отыр.

Қазақстан сыртқы экономикалық байланысқа айрықша кӛңіл бӛлуде. Бұл саладағы негізгі мақсат ел экономикасын дамытуға шет ел инвестициясын тарту болып отыр. Бұған мысал ретінде бірлескен «Тенгизшевройл» ӛндірісін айтуға болады. Бұл келісім 40 жылға жасалған. Кәсіпорынның барлық табысының 80% Қазақстанға, 20%-і Шевройлға тиесілі болмақ. Қазақстандағы саяси тұрақтылық шет ел инвестициясына сенім туғызып отыр. Экономикаға енгізілген инвестицияның кӛлемі жӛнінен Қазақстан ТМД елдерінің алдыңғы қатарында отырған. 

1992 жылдың 4 маусымы-тарихи күн. Сол кездегі Республика Жоғарғы Кеңесі тәуелсіз Қазақстан Республикасының Мемлекеттік туы мен Елтаңбасын бекітті. Елтаңбаның үздік жобасына 245 жұмыс, 67 хат ұсынылған еді. Халық қалаулылары мен Елбасы назары Ж. Мәлібекұлы мен Ш. Уәлиханов жасаған берікті елтаңбаға ауды.

Мемлекеттік тудың авторы Шәкен Оңласынұлы Ниязбеков. Мемлекеттік туға арналған байқауға 600-ден астам жоба түсті. Егемендік алған қазақ елінің қыран тәріздес биікте, ғұмыры ұзақ болсын деген ойдан туған дүние. Ал күн сәулесі мен ұлттық ою-ӛрнек қазақтың ұлттық танымын, қасиетін кӛрсетеді. 

2006ж. 7 қаңтарынан бастап ән ұран қайта ӛзгертілді Алғашқы Қазақ халқының ән ұранын Мұзафар Әлімбаев, Қадыр Мырзалиев, Тұманбай Молдағалиев, Жадыра Дәрібаева жаңа тексін жазған болатын.

Сӛзі: Ж. Нәжімеденов, Н.Ә. Назарбаев, Әні: Шәмші Қалдаяқов. 

Егемен мемлекет болған Қазақстан соңғы 200 жылдан астам уақытта дүние жүзі қазақтарының тұңғыш құрылтайын ӛткізуге мүмкіндік алды. Жер шарының он үш елінен келген отандастарымыз Құрылтайға қатысты. Гуманизмнің кӛрінісі, әміршіл-әкімшіл басқару жүктесінің қатыгездігінен ӛз елін, ӛз жерін тастап, шет елдерге ауа кӛшіп кеткен қандастарымыздан кешірім сұраудың айғағы болды.

Құрылтай қонақтарының қатарында белгілі дін қайраткерлер, ғалымдар, бизнесмендер, студенттер болды. Қазақ диаспорасы бар Ресей мен Ӛзбекстаннан келгендердің саны кӛп болды.

1993ж. 28 қаңтарда тәуелсіз Қазақстанның бірінші Конституциясы қабылданды.

Қазақ КСР-ның ең алғашқы Конституциясының жобасы 1934 ж. 26 наурызда қабылданды. Бұл Негізгі Заң 1973 жылы және 1978 жылы толықтырылып , 173 баптан тұрған.

Қазақстан Республикасының Конституциясы 4 бӛлімнен 21 тараудан тұрды. Конституцияда тіл мәселелері де анықталды. Қазақ тілі-мемлекеттік, орыс тілі-ұлтаралық қатынас тілі деп жарияланды.

Екінші рет 1995 жылы 30 тамызда Конституцияға ӛзгертулер мен толықтырулар енгізіліп, қабылданды. 9 бӛлімнен, 98 баптан тұрды. I бӛлім- Жалпы ережелер. II бӛлім- Адам және азамат. III бӛлім- Президент. IV бӛлім -Парламент. V бӛлім- Үкімет. VI бӛлім- Конституциялық кеңес. VII бӛлім- Соттар және сот тӛрелігі. VIIІ бӛлім- Жергілікті мемлекеттік басқару және ӛзін-ӛзі басқару. IX бӛлім- Қорытынды және ӛтпелі ережелер.

1997ж. қарашаның 8-і күні Президент резиденциясында астананың Ақмолаға кӛшуіне байланысты Қазақстан Республикасының мемлекеттік рәміздерін жаңа астанаға шығарып салудың салтанатты рәсімі болды. Бұл күн ел есінде маңызды, мәні ерекше тарихи оқиға ретінде қалды.

Егемен Қазақстан барлық азаматтарға бірдей қамқорлық жасайды. Сол кездегі санақ бойынша 17 миллион халқының 42% қазақтар, 37% орыстар, 5,2 %. украиндар, 4,4% немістер.

Қазақстанда жүргізілген экономикалық реформа республика органдарының экономикалық басқарудағы рӛлі, орны мен функциясын түбегейлі ӛзгерту қарастырылды.

Нарық құрылымының дамуын жеделдетуін мақсатында мемлекет меншігін алу және жекешелендіру жоспары жасайды.

Бірінші қазақша мемлекеттік секторларда жекешелендіру қажет болды. Жекешелендіру салық салу реформасы, бағаны қалыптастыру, еңбекті ӛтеу және бӛліктеу саясатымен қатар жүзеге асырылды. «Қазақстан Республикасындағы меншік туралы», «Қазақстан Республикасындағы кәсіпкерлікті дамыту және шаруашылықтардағы қызмет бостандығы», «Қазақстан Республикасындағы шетел инвесторлары», Қазақстан Рсепубликасындағы банктер мен банкттік қызметтер т.б. заңдар.

Монополиялық қызметердің шектелуі туралы заңның мақсаты-жарықты басқару механизмін енгізу. Нарыққа    кӛшу     саясатының      бұрмалауынан алыпсатарлық, делдалдық, пайда болды. Қазақстан халықтарының мәдениеті мен дәстүрлері қайта түлеуде-Ұлттық сана ӛсіп келеді. Кӛшіқон және азаматтық туралы заң қабылданды. 90ж.  қарай  Ғылым  академиясының 32  ғылыми мекемесі алты бӛлімшеге топтасты. Бүгінгі таңға шешілуге тиісті мәселелердің бірі қазақ және басқа да ұлт тілдерін  одан  әрі дамыту мәселесі. 1989ж. қыркүйектің 22-сінде кезектен тыс он   тӛртінші   сессиясында   «Тіл   тұралы    заң» жарияланды. 1990ж-маусымынан 1991ж. маусымына дейін   бала-бақшаның   саны   қазақ   тілінде   482 болды.

Барлығы республикада 1677 болды. Жаңадан қазақ тілінде 155 мектеп, 4 кәсіптік-техникалық училище ашылды. Теледидар мен радио 6 тілде хабар таратып кӛрсетуде.

1990-жылдардың ӛнері мен әдебиеті идеологиялық тыйым салу азабынан босанды. I. Есенберлин, Ә. Кекілбаев, С. Жүнісов, Қ. Жұмаділов, М.   Мағауин   қазақ   халқының қиын тағдырын жазды. Айтыс ӛнері дамыды.  М. Кӛкенов, Ә. Берденова, Ә. Қалыбекова, Қ. Әбілов сияқты айтыскер ақындар кӛш басында болды. Ш. Мұртазаның «Сталинге хат», Ж. Аймауытовтың»Ақбілек» пъесалары жазылды. Қ. Байбосынов, Қ.Ахмедияров, Ж. Кәрменовтің, А.

Мұсаходжаеваның,Ж. Әубәкірованың, Е. Құрманғалиевтың, Н. Ӛскембаеваның ӛнерлері ашылды. Ұлттық киноға жаңа ұрпақ қосылды. С. Апырамовтың «Соңғы аялдама», Т. Теменовтың «Адамдар арасындағы бӛлтірік» Ф. Мансұровтың «Бейбарыс сұлтан» фильмдері кӛрсетілді.

  1. Әдебиеттер: Негізгі:
  2. Назарбаев Н. Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру. – Астана, 2017
  3. Назарбаев Н.Ә. Тәуелсіздік белестері. – Алматы, 2003.
  4. Назарбаев Н.Ә. Қазақстан жолы. – Астана, 2007.
  5. Қуандық , Е. С. Қазақстан тарихы (ХХ және ХХI ғасырдың алғашқы жылдарындағы республика тарихының ӛзекті мәселелері бойынша лекциялар): оқулық. — Алматы : ЖШС РПБК «Дәуір», 2012. — 512 бет Қосымша:
  6. Жұмақаева Б. Д. Қазақстан тарихы : оқу құралы. — 320 бет.
  7. Тлеужанова, М. К. Қазақстан тарихы. 3 т.: оқу-әдістемелік кешені / — Алматы : Эверо, 2016. — 320 бет. с.90экз,
  8. Қазақстан тарихы: лекциялар курсы / ред. басқ. Қ. С. Қаражан, 2011. — 376 бет.
  9. Бақылау сұрақтары:
  10. Қазіргі кезеңдегі Қазақстандағы экономиканы реформалаудағы негізгі бағыттарын атаңыз?
  11. Экономикалық дамудың қазақстандық үлгісін айқындаңыз? 3. «Нурлы жол-болашаққа жол»- Қазақстанның жаңа экономикалық саясатының негізін кӛрсетіңіз?

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *