Әкімшілік-территориялық құрылым — мемлекеттің территориялық ұйымдастыру жүйесі, соның негізінде мемлекеттік билік пен басқару органдары құрылып, қызмет атқарады. Әкімшіліктерриториялық құрылымның құқықтық нормалары мемлекетаумағындағы әкімшілік-территориялық бірліктердің (бӛліністердің) тізімін, мемлекеттің әкімшілік-территориялық бірліктерге бӛлуге қатысты құзыретін, осы бӛліктердің ӛзгертілу тәртібі мен осыған тікелей байланысты мемлекет органдардың құзыретін, елді мекендердің қандай тұрпатқа жатқызылатындығын, олардың аталуын және аттарының ӛзгертілу тәртібін айқындайды. Қазақстан Республикасының әкімшіліктерриториялық құрылымында мынадай бӛліктерге: астанаға, облысқа, республикалық маңызы бар қалаға, қаладағы ауданға, ауданға, қалаға, ауылға, кентке бӛлу кӛзделген. Әрбір әкімшіліктерритория бірліктің аумағында ӛкілетті, атқару органдары, сот, прокуратура және т.б. органдар құрылады.
Мемлекет формасының екiншi элементiне мемлекеттiк құрылымының нысаны жатады. Бұл мемлекеттiң әкiмшiлiк-жергiлiктi бӛлiнуi, сол бӛлiмдердiң бiр-бiрiмен қатынасы және мемлекеттiң және бӛлiмдердiң арасындағы байланыстары. Мемлекеттiк құрылым — ұлттық мемлекеттiк қатынастарды, әкiмшiлiк-территорияларлық жүйесi, олардың ерекшелiктерiн бейелейдi. Мемлекеттер бұл элемент бойынша унитарлық, федеративтiк және конфедеративтiк мемлекеттерге бӛлiнедi.
―Қазақстан Республикасы президенттік басқару нысанындағы біртұтас мемлекет― делiнген Конституцияның 2-бабының 1-тармағында (―унус― деген сӛз- бiр, жалғыз деп латын тiлiнен аударылады). Тұтас мемлекеттер тек қана әкiмшiлiк- жергiлiктi аудандарға бӛлiнедi. Мысалы, Қазақстанда әкiмшiлiк-аумақтық құрылысы 14 облыстан тұрады, оларды Президент тағайындаған әкiмдер басқарады. Облыстар аудандарға, қалалық аудандарға, ауылдарға, селолар мен поселкiлерге бӛлiнедi. Ал жергiлiктi ӛкiлдi органдар маслихат деп аталады, оған депутаттарды халық сайлайды. Жергiлiктi әкiмшiлiк-аймақтық бӛлiнiстердiң құқықтары тең. Жергiлiктi атқару орган— әкiм.
Жергілікті ӛзін-ӛзі басқару органдары ӛзінің ӛкілеттілігіне байланысты жергілікті жерде тәтіп орнатады, ал осы территорияны мекендйтін халық азаматтар міндетті түрде осы тәртіпті сақтауы тиіс. Жергілікті ӛзін-ӛзі басқару органдарының қабылдаған шешімі ӛздерінің тікелей қатысуымен немесе сот арқылы қайта қарастырылып, ӛзгеріс енгізілуі мүмкін. Ал жергілікті ӛзін-ӛзі басқару органдарының ӛз лауазымына сай емес шешім қабылдауы, сол территориядағы әкім немесе басқада ӛкілетті органдармен қайта ӛзгертуге құқылы. Сондықтан жергілікті жерде біріншіден белгілі бір ӛкілеттілігі бар сайланатын органдар «кеңес» құрылады. Олар мыналарға құқылы:
- Жергілікті жердегі Жарғыны қабылдауға және ӛзгертуге құқылы;
- Жергілікті жердегі тӛрағаның меншіктіпайдалану жӛніндегі есебін талап етуге құқылы;
- Коммерциялық ұйымдар құруға ӛз келісімін беруге;
- Жергілікті құрылымды басқару кестесін қабылдауға;
- Жергілікті құрылымды жою немесе қайта құру жӛніндегі шешім қабылдауға құқылы;
Муниципалдық құрылымның талаптарының бірі ӛз Жарғысын қабылдау. Жергілікті құрылым типтік Жарңысын ҚР Үкметі бекітеді . Жергілікті ӛзін-ӛзі басқару – бұл халықтық билікке негізделеді, жергілікті құрылым мәселелерін шешу үшін халықты ұйымдастырып, шешім қабылдауға мімкңндік береді. Жергілікті құрылымның заңдық негізін:
- ҚР конститутциясы мен заңдары;
- Жергілікті ӛзін-ӛзі басқару мәселерін реттеу туралы заң;
- Жергілікті құрылымның Жарғысы құрайды;
Жергілікті құрылым ӛз шаруашылығын жүргізу үшін оның эконномикалық негізі болады, оларды:
- Табиғи ресурстар (жер , қазба байлықтар , су , орман ,ӛсімдіктер мен жануарлар т.б.) құрайды .
- Муниципалдық құрылым иелігіне кіретін жылжымалы және жылжымайтын меншіктер .
- Мемлекеттің жергілікті ӛзін-ӛзі басқаруға басқада мелекеттік қызметті атқаруға берілген иеліктер құрайды .
Атқарушы, ӛкілетті және заң шығарушы қызметті рындау үшін халық сайланатын және тағы басқа жергілікті ӛзін-ӛзі басқару органдарын құрады , және оларды белгілі бір мәселелерді шешуге ӛкілеттілік береді. Жергілікті ӛзін-ӛзі басқару органдарының қызметін ұйымдастыру тәртібі, сол муниципалдық құрылымның жарғысымен бекітіледі.
Қала, аудан және ауылдарда жергілікті ӛзін-ӛзі басқарудың сайланатын органдары болып, сол қалалардағы, аудандардағы және ауылдардағы кеңес болып табылады. Жергілікті ӛзін-ӛзі басқару органдарын сайлау арқылы жүзеге асыру соң заңды тұлға болып есептеледі .
Жергілікті ӛзін-ӛзі басқарудың атқарушы органы сол муниципалдық құрылымның әкімшілігі болып есептеледі. Жергілікті әкімшілік заңды тұлға болып есептеледі.
Сондықтан ол мынадай құқықтарға ие:
- Жергілікті бюджеттен қаржыландырылады, және ӛзіне тиесілі иелігі болады.
- Ӛз атынан жылжымайтын және жылжымалы иелік алуға, оны іске асыруға құқығы бар және міндетті .
- Сот кеңесінде айыптаушы және айыпталушы болуына .
- Банктік мекемелерде есептік және есептеу шеттарын ашуға, ӛзінің елтаңбалық мӛрі, және басқада мӛрлері болуына, штамп, бланктер қолдануға құқылы.
Муниципалдық әкімшілікті осы әкімшіліктің басшысы — әкім, ӛз ӛкілі арқылы басқарады. Әкімшіліктің басшысы (әкім) ең жоғары лауазымды тұлға, ол муниципалдық территорияда жергілікті ӛзін-ӛзі басқару қызметін жүзеге асырады. Жергілікті әкімшілікке әкімді сайлау ҚР конститутциясына сәйкес жүзеге асырылады.
Жергілікті ӛзін-ӛзі басқару құрылымының атқарушы органдарының ішінде коллегиялық әкімшілік үлкен рӛл атқарады. Коллегиялық органдар – бұл консультатциялық кеңестік органдар, оларды жергілікті әкімшілік жанына орналастырады. Оның құрамына құрылымдық бӛлімдердің басшылары және тағы басқа ӛкілдіктер кіреді. Олар ұзақ мерзімді және мақсатты жоспарларды, жергілікті жердегі мәселелерді талқылап шешуге араласады.
Жергілікті билік органдары — Әкімшілік жағынан Қазақстан 14 облыс пен республикалық маңызы бар 3 қалаға (Астана, Алматы, Шымкент) бӛлінеді. Олардың әкімдерін президент тағайындайды. Биліктің ӛкілетті органдары —мәслихатты облыстар мен елді мекендерде жергілікті халық сайлайды.
- Әдебиеттер: Негізгі:
- Назарбаев Н. Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру. – Астана, 2017
- Назарбаев Н.Ә. Тәуелсіздік белестері. – Алматы, 2003.
- Назарбаев Н.Ә. Қазақстан жолы. – Астана, 2007.
- Қуандық , Е. С. Қазақстан тарихы (ХХ және ХХI ғасырдың алғашқы жылдарындағы республика тарихының ӛзекті мәселелері бойынша лекциялар): оқулық. — Алматы : ЖШС РПБК «Дәуір», 2012. — 512 бет Қосымша:
- Жұмақаева Б. Д. Қазақстан тарихы : оқу құралы. — 320 бет.
- Тлеужанова, М. К. Қазақстан тарихы. 3 т.: оқу-әдістемелік кешені / — Алматы : Эверо, 2016. — 320 бет. с.90экз,
- Қазақстан тарихы: лекциялар курсы / ред. басқ. Қ. С. Қаражан, 2011. — 376 бет.