АҚТАЛ, әулиеағаш

АҚТАЛ, әулиеағаш (Salix aiba) – тал тұқымдасына жататын ағаш. Қазақстанның барлық жазық далалы аудандарында, шөлейт-далалық аймақтардағы өзен аңғарларында өседі. Биікт. 15 — 20 м болады, бұғақ шоғыры жайқалып тұрады. Ланцета тәрізді жапырағының ұшы түкті болып келеді. Сырға сияқты шоғырланған гүлдері сәуір — мамыр айларында гүлдеп, тұқым береді. Табиғи жағдайда тұқымымен және өсімді (вегетативті) жолмен де көбейеді. А-ды кұм тоқтату, елді мекенді көгалдандыру үшін өсіреді. Қабығы тері илеу үшін, бояуыш зат ретінде пайдаланылады. Сүрегін жиһаз жасауға да пайдаланады. Жапырағы мен бұтағын мал сүйсініп жейді. 

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *