АҚТАМ — Алматы обл-ның Ұйғыр ауд-ндағы ауыл, ауылдық әкімш. округінің орталығы. Ауд. орталығы — Шонжы а-ның оңт.-шығысында 49 км жерде, Кетпен (Ұзынқара) жотасының солт. баурайында орналасқан. Тұрғыны 2,1 мың адам (1997). Ауыл Кетпен (Ұзынқара) тауы етегіндегі қоңыржай-куаң таулы агроклиматтық белдемде жатыр. А-да орта мектеп, клуб, кітапхана, аурухана бар. Аудан орталығы — Шонжы а. және басқа елді мекендермен автомоб. жолы арқылы катынасады.