Кепілхат – белгілі бір құндылықтардың (мүлік, зат, ақша т.б.) алынғанын куәландыратын және оны белгілі бір мерзімде қайтарып беретіндігін міндеттеп көрсетіп, келісімшарттың негізінде жасала- тын ісқағазының бір түрі.
Кепілхаттың құқықтық дәрежесі жоғары, заңдық күші бар. Себебі, кепілхат міндетті түрде нотариалдық кеңседе нотариус жазбасымен рас- талады, мөр басылады.
Кепілхат алушы, беруші және нотариалдық кеңсе үшін 3 дана етіп толтырылады.
õ Кепілхаттың ерекшелігі:
- Келісімшарт негізінде жасалынады.
- Даналары туралы мәлімет көрсетіледі.
- Кепілдіктері көрсетіледі.
6 Құрылымы:
- Құжаттың атауы.
- Күні, айы, жылы, жасалған орны.
- Кепілхат беруші туралы толық мәлімет (аты-жөні, мекенжайы, жеке куәлік нөмірі, қайда, қашан берілгені).
- Кепілхат алушы туралы толық мәлімет (аты-жөні, мекенжайы, жеке куәлік нөмірі, қайда, қашан берілгені).
- Алынған заттың атауы (егер ақша болса, сомасы санмен де, жазба- ша да көрсетіледі).
- Қайтарылатын нақты уақыты.
- Затқа берілетін кепілдіктері.
- Даналар туралы мәлімет.
- Тараптардың қолы.
- Нотариалдық кеңсенің жазбасы, қолы, мөрі.
Сұрақтарға жауап беріңіз.
- Кепілхат қандай құжат?
- Кепілхат қандай құжаттың негізінде жасалынады?
- Сенімхаттан кепілхаттың айырмашылықтары неде?
- Кепілхат қайда куәландырылады?
- Кепілхаттың құрылымы қандай?
- Кепілхат қанша дана болып дайындалады?
Үлгі:
|
Кепілхат
Алматы қаласы, 2009 жыл 10 қазан
Мен, Алматы қаласы, Абай даңғылы, 23 үй, 89 пәтердің тұрғыны, 11.03.2005 жылы ҚР ӘМ-гі берген №46578978011 жеке куәліктің иегері азамат Оразова Әйгерім Құдайбергенқызы, Алматы қаласы, Абылай хан көшесі, 2 үй, 12 пәтердің тұрғыны, 10.05.2003 жылы ҚР Әділет министрлігі берген №08974657 жеке куәліктің иегері азамат Тайлақова Мөлдір Даниярқызынан үш жүз мың (300 000) теңге алдым. Алған ақшаны 2010 жылы 20 қыркүйекте қайтаруға міндеттенемін.
Өз міндеттерімді орындауға: – келісімшартқа сәйкес пайызын төлеп тұруға; – алынған ақшаны келісілген мерзімде қайтаруға; – келісімшарт талабы орындалмаған жағдайда айып төлеуге; – мекенжайым өзгерген жағдайда бұл туралы 3 күн ішінде хабарлауға кепілдік беремін.
Кепілхат үш дана етіп жасалған, бірінші данасы – Алматы қаласы №122 нотариалдық кеңседе тіркелген, екінші данасы – азамат Тайлақова Мөлдір Даниярқызында, үшінші данасы – азамат Оразова Әйгерім Құдайбергенқызында сақталады.
Тараптардың қолы: Ә. Оразова М.Тайлақова
Мен, 11.03.2003 жылы ҚР ӘМ-гі берген №46578978011 лицензия негізінде әрекет ететін, Алматы қаласы, №122 нотариалдық кеңсенің нотариусы Рамазанов Досан Талғатұлы, 2009 жылы 10 қазанда жоғарыда жазылған кепілхат мазмұнын куәландырдым. Кепілхатқа менің қатысуыммен азамат Оразова Әйгерім Құдайбергенқызы мен Тайлақова Мөлдір Даниярқызы қол қойды. Кепілхат иесінің жеке басы анықталды, құқықтық іс-әрекетке қабілеттілігі тексерілді. №245 тізбесіне тіркелген. 1800 (бір мың сегіз жүз) теңге мемлекеттік салық алынды.
Нотариус Д.Рамазанов |
Тілдік бірліктер:
|
• жеке куәліктің иегері • пәтердің тұрғыны • азамат • өз міндеттерімді орындауға • келісімшартқа сәйкес • пайызын төлеп тұруға • келісілген мерзімде қайтаруға • келісімшарт талабы орындалмаған жағдайда • айып төлеуге • мекенжайым өзгерген жағдайда • 3 күн ішінде хабарлауға • кепілдік беремін • кепілхат үш дана етіп жасалған • тұрғылықты жерім өзгерген жағдайда • жаңа мекенжайды хабарлауға міндеттенемін • пайызды төлеуге міндеттенемін • тараптардың қолы • айыппұл төлеу • кепілдік • нотариалдық кеңседе тіркелген • кепілхат мазмұнын куәландырамын • кепілхат иесінің жеке басы анықталды
• құқықтық іс-әрекетке қабілеттілігі тексерілді • тізбесіне тіркелген • мемлекеттік салық алынды |
- жаттығу. Екі қатарды сәйкестендіріңіз.
|
1. Өз міндеттерімді |
□ пайызын төлеп тұруға |
|
2. Келісімшартқа сәйкес |
□ қайтаруға міндеттенемін |
|
3. Алынған ақшаны келісілген |
□ орындауға |
|
4. Келісімшарт талабы орындалмаған жағдайда |
□ мерзімде қайтаруға |
|
5. Мекенжайым өзгерген жағдайда бұл туралы |
□ айып төлеуге |
|
6. Алынған ақшаны 2010 жылы 20 қыркүйекте |
□ 3 күн ішінде хабарлауға кепілдік беремін |
- жаттығу. Қазақ тіліне аударыңыз.
В случае неоплаты в установленный срок, данное гарантийное письмо следует рассматривать как подтверждение факта получения мной (нашей
организацией), в соответствии с контрактом (16.03.2010), коммерческого кредита на сумму поставленной продукции и возможность начисления процентов за пользование чужими денежными средствами за всё время просрочки оплаты из расчета 1% от суммы просроченных обязательств, за каждый день просрочки.
- жаттығу. Қазақ тіліне аударып, толтырыңыз.
|
Штамп или фирменный бланк (наименование предприятия, учреждения, организации)
Уважаемый ! (имя, отчество)
Просим Вас оказать техническую помощь в подготовке рабочих чертежей . Желательно в кратчайший срок определить стоимость проектных работ и войти с нами в договорные отношения, а проектные работы начать немедленно. Оплату стоимости всех произведенных работ гарантируем со своего расчетного счета № в .
Руководитель предприятия (подпись) (Ф.И.О.) Гл. бухгалтер (подпись) (Ф.И.О.) |
- жаттығу. Қазақ тіліне аударыңыз.
|
Гарантируем… |
|
Гарантируем, что… |
|
Компания «Партнер» гарантирует… |
|
Подтверждаем, что произведем оплату |
|
Оплату в срок …. гарантируем… |
|
Настоящим гарантируем… |
|
Договоренности будут выполнены |
|
Настоящим письмом гарантируем… |
h Сөздік және сөз тіркестері:
кепілхат – гарантийное письмо
…негізінде – на основании…
куәландыру – удостоверять
пайыз төлеу – выплачивать проценты
үш дана етіп жасалған – составлено в трех экземплярах тараптардың қолы – подписи сторон
келісімшартқа сәйкес – в соответствии с договором
күшіне енеді – вступает в силу
міндеттенемін – обязуюсь
іс-әрекетке қабілеттілігі – дееспособность
жекеменшік – собственность
жаңа мекенжайды хабарлауға – обязуюсь сообщить новый адрес міндеттенемін
пайызды төлеуге міндеттенемін – обязуюсь оплатить процент тараптардың қолы – подписи сторон
айыппұл төлеу – заплатить штраф
кепілдік – залог
Орынғазы Әбутәліп