СЕНІМХАТ

 

 

Сенімхат – бір адамның не мекеменің атынан екінші бір адамға тапсырманы орындай алу немесе бір затқа ие болу мүмкіндігінің бар екендігіне сеніп берілетін ісқағазының бір түрі.

Сенімхат мекеме атынан берілсе, арнаулы бланкке жазылады да, ме- кеме басшысының қолы мен мөрі басылады. Егер сенімхат жеке адам та- рапынан берілсе, сенімхат иесінің аты-жөні, құжатының аты мен нөмірі жазылып, қолы қойылады. Төменгі жағына нотариус сенімхат иесінің қолын растап, мөр басады.

Сенімхат, негізінен, мынандай жағдайларда беріледі:

Жалақы алуға, жәрдемақы алуға, зейнетақы алуға, шәкіртақы алуға, банктегі есептерді пайдалануға, пәтер сатуға және сатып алуға, пәтерді жеке адамдарға жалға беруге, көлік иемденуге, заттай корреспонденция- ларды алуға, құжаттар алуға, мұрагерлік құқық туралы куәлік алуға, қол қоюға т.б.

Сенімхаттар нотариалдық кеңседе куәландырылады. Нотариалдық кеңседе сенім білдіруші мен сенім білдірілген тұлғалардың жеке  куәліктері арқылы жеке бастары анықталады, құқықтық іс-әрекетке қабілеттілігі тексеріледі. Нотариус сенімхат мәтінін дауыстап оқып, тізбеге тіркейді, тиісті мемлекеттік салық алынады және нотариустың қолы қойылып, мөрі басылады.

  • 14 жасқа толмаған балалардың атынан сенімхатты олардың ата- аналары толтырады.
  • 14 жас пен 18 жас аралығындағы жасөспірімдер сенімхатты ата- аналарының келісімімен толтыра алады.
  • Жасөспірімдер өздерінің шәкіртақысына немесе жалақысына бай- ланысты сенімхатты ешкімнің келісімінсіз толтыра алады.

Сенімхат мерзімі, әдетте, сенімхатта белгіленеді.

Төлемақы алу үшін берілген сенімхаттардың жарамдылығы – 3 ай.

Мүлікті пайдалану үшін берілетін сенімхаттардың жарамдылығы – 3 жыл.

Егер мүлікті пайдалануға берілген сенімхатта жарамдылық мерзімі көрсетілмесе, онда ол қол қойылған күннен бастап 1 жылға дейінгі мерзімде өз күшінде болады.

Сенімхаттың жарамдылық мерзімі жазбаша жазылуы керек.

  • Сенімхат 1 дана болып дайындалады.

Сенімхаттың құқықтық дәрежесі жоғары. Себебі міндетті түрде нотариалдық кеңсенің жазбасы арқылы расталады.

 

õСенімхаттың ерекшелігі:

  • Жарамдылық мерзімі көрсетіледі.
  • 3 түрге бөлінеді.

Сенімхатты мынандай түрлерге бөлуге болады:

  1. Бас сенімхат.
  2. Жалпы жағдайда қолданылатын сенімхат.
  3. Арнайы сенімхат.
  4. Бас сенімхат дегеніміз – белгілі бір тұлғаға толықтай құқық беретін құжат. Мысалы, көлік жүргізуде көлік иесімен бірдей құқықта болады, яғни көлікті сатуға, айырбастауға, сыйға беруге т.б. болады.
  5. Жалпы жағдайда қолданылатын сенімхат дегеніміз әртүрлі іс-әрекеттер орындауға белгілі бір мерзімге ғана құқық беретін құжат. Мысалы, көлікті жүргізуге ғана, пәтерді уақытша пайдалануға т.б. бола- ды.
  6. Арнайы сенімхат дегеніміз – белгілі бір уақыт аралығында сенім білдірушінің атынан қандай да бір іс-әрекеттер орындауға құқық беретін құжат. Мысалы, мекеме басшысының іссапарға кетуіне немесе басқа да жағдайлармен байланысты өз құқығын орынбасарына уақытша беруі.

 

6 Құрылымы:

  1. Құжат атауы;
  2. Күні, айы, жылы, жасалған орны (қаласы);
  3. Сенімхат беруші туралы толық мәлімет (аты-жөні, мекенжайы, жеке куәлік нөмірі, қайда, қашан берілгені);
  4. Сенім білдірілетін тұлға туралы толық мәлімет (аты-жөні, мекен- жайы, жеке куәлік нөмірі, қайда, қашан берілгені);
  5. Берілген құқық немесе алынған зат туралы мәлімет;
  6. Сенімхаттың жарамдылығы (cенімхаттың қандай мерзімге дейін күшін сақтайтыны туралы);
  7. Сенімхат берушінің қолы;
  8. Нотариалдық кеңсенің жазбасы;
  9. Нотариустың аты-жөні, қолы, мөрі.

Сенімхат өз күшін мынадай жағдайда жоғалтады:

  1. Сенімхат мерзімі аяқталғанда;
  2. Сенім білдіруші сенімхат күшін тоқтатқанда;
  3. Сенімхат берілген тұлға сенімхаттан бас тартқанда;
  4. Сенімхат берушінің өлімінен кейін немесе еңбекке жарамсыз болғанда;
  5. Сенімхат берілген тұлғаның өлімінен кейін немесе еңбекке жа- рамсыз болғанда.

 

Орынғазы Әбутәліп                                                                                                      

, 1-үлгі. Пәтерді сату туралы

 

СЕНІМХАТ

 

1997 жылғы 7 қаңтар, Алматы қаласы

Мен, Алматы қаласы, С.Дөнентаев көшесі, 19 үй тұрғыны, Қазақстан Республикасының Ішкі істер министрлігі 1993 жылы 25 қазанда берген,

№0136197836 жеке куәліктің иегері Өскенұлы Жандос,

Алматы қаласы, С.Дөнентаев көшесі, 21 үй, 28 пәтерде тұратын Қазақстан Республикасының Ішкі істер министрлігі 1995 жылы 19 ақпанда берген, №0136197836 жеке куәлік иегері азамат Рақымбайұлы Өтегенге, Алматы қаласы, С.Дөнентаев көшесі, 19 үй мекенжайдағы үйімді сатуға сенім білдіремін.

 

Бұл үшін азамат Рақымбайұлы Өтегенге менің атымнан:

–     өтініш жазуға;

–     қажетті құжаттар мен анықтамаларды алуға;

–     сатуға қажетті құжаттарды толтыруға;

–     оларды мемлекеттік органдарға тіркеуге;

–     мүлік иесі ретінде мені салық инспекциясына белгілеуге;

–     осы аталған тапсырмаларды орындауға қатысты барлық іс- әрекеттерге менің орныма қол қою құқығын беремін.

Сенімхат 6 ай өз күшінде.

1997 жылғы 7 қаңтар                                      (қолы)                                      

 

Осы сенімхатты мен, 1991 жылы 3 ақпанда ҚР Әділет министрлігі берген №0004577 лицензия негізінде әрекет жасаушы Алматы қаласының

«Іскер» нотариалдық кеңсесінің нотариусы Әміреев Нұрлан Әденұлы 1997 жылғы 7 қаңтарда куәландырдым. Сенімхатқа менің қатысуым кезінде азамат Өскенұлы Жандос қол қойды.

Сенім білдірушінің жеке басы анықталды, құқықтық іс-әрекетке қабілеттілігі тексерілді. Сенімхаттың мәтінін нотариус дауыстап оқыды.

№97/41 тізбеге тіркелді. 650 (алты жүз елу) теңге мемлекеттік салық алынды.

 

Нотариус                                                            (Қолы)                                      

 

(Мөрдің орны)

 

                                                                 Ісқағаздарын мемлекеттік тілде жүргізу

, 2-үлгі. Мұрагерлік істі жүргізу жөнінде

 

 

СЕНІМХАТ

 

1999 жылғы 18 мамыр, Қостанай қаласы

Мен, Қостанай қаласы, Төле би көшесі, 71 үй, 5 пәтер тұрғыны, ҚР  ІІМ 1990 жылы 19 қыркүйекте берген, №0136197836 жеке куәліктің иегері Өскенбаев Азамат Қанатұлы,

Қостанай қаласы, Ж.Аймауытов көшесі, 97 үйде тұратын  ҚР  ІІМ  2001 жылы 14 ақпанда берген, №0136197836 жеке куәліктің  иегері  азамат Есенгелдин Жомарттың менің туған атам Бақытов Өскенбайдың қайтыс болуына байланысты одан қалған мүлік – 3 бөлмелі пәтерге менің мұрагерлік құқығымды рәсімдеуіне сенім білдіремін.

Бұл үшін мен азамат Есенгелдин Жомарттың:

–  менің атымнан өтініш жазуға;

–  анықтамалар мен құжаттар алуға;

–  менің орныма қол қоюға;

–  мұрагерлік құқық туралы куәлікті алуына өкілетті етемін. Сенімхат 1999 жылдың 18 қарашасына дейін берілген.

 

1999 жылғы 18 мамыр                                    Қолы                        

 

Осы сенімхатты мен, 1991 жылы 3 ақпанда ҚР Әділет министрлігі берген №0004577 лицензия негізінде әрекет жасаушы Алматы қаласының

«Іскер» нотариалдық кеңсесінің нотариусы Әміреев Нұрлан Әденұлы 1999 жылы 18 мамырда куәландырдым. Сенімхатқа менің қатысуым кезінде азамат Өскенбаев Азамат Қанатұлы қол қойды.

Сенім білдірушінің жеке басы анықталды, құқықтық іс-әрекетке қабілеті тексерілді. Сенімхаттың мәтіні дауыстап оқылды. №107 тізбеге тіркелді. 650 (алты жүз елу) теңге мемлекеттік салық алынды.

 

Нотариус                                                          (Қолы)                                      

 

( Мөрдің орны)

 

Орынғазы Әбутәліп                                                                                                      

, 3-үлгі

 

СЕНІМХАТ

 

26 ақпан, 2010 ж., Шымкент қаласы

 

Мен, Шымкент қаласы, Абай даңғылы, 12 үй, 34 пәтердің тұрғыны, 01.12.2006 жылы ҚР ІІМ берген №1234567989 жеке куәліктің иегері Ерғазин Ұлан Еркінжанұлы,

Шымкент қаласы, Қазыбек би көшесі, 54 үй, 32 пәтердің тұрғыны, 28.01.2008 жылы ҚР ІІМ берген №1234567989 жеке куәліктің иегері Омаров Қанатқа, «ШНОС» мұнай өңдеу зауытының директор қызметін, менің атымнан жүргізуге сенім білдіремін.

 

Бұл үшін мен Омаров Қанатқа:

–      менің атымнан қол қоюға,

–      банктегі есептерімді пайдалануға,

–      тиісті құжаттарды рәсімдеуге,

–      келісімшарттар жасауға өкілетті етемін.

Сенімхат 2011 жылдың 26 ақпанына дейін берілген.

 

26.02.2010 ж.                                               Ұ.Е. Ерғазин                         

 

Осы сенімхатты мен, 1998 жылы 21 сәуірде Қазақстан Республикасы- ның Әділет министрлігі берген №1234567989 лицензия негізінде әрекет жасаушы Шымкент қаласы, «Аманат» нотариалдық кеңсесінің нотариусы Маратов Рауан 2010 жылы 26 ақпанда куәландырдым. Сенімхатқа менің қатысуым кезінде азамат Ерғазин Ұлан Еркінжанұлы қол қойды.

Сенім білдірушінің жеке басы анықталды, құқықтық іс-әрекетке қабілеті тексерілді. Сенімхаттың мәтіні дауыстап оқылды. №1234 тізбеге тіркелді. 650 (алты жүз елу) теңге мемлекеттік салық алынды.

 

Нотариус                                     (Қолы)                                 

 

( Мөрдің орны)

 

Бланк түрі

 

 

Сенімхат

 

(сенімхаттың берілген жері және күні жазумен)

Мен,                                                           мекенжайында тұратын азамат(ша)

                                                                         (аты-жөні),жекекуәлік№                    , жылы                      (жеке  куәлікті  берген орган) берген                                       мекенжайында      тұратын      азамат                                                                       (аты-жөні)                                                   меншік    құқығы    маған    тиесілі

                                             мекенжайында    орналасқан    тұрғын    үйді және

                        кв.м. (шаршы метр) көлемдегі жер телімін сыйлауға және өзінің қалауы бойынша бағаға сатуына сеніп тапсырамын. Бұл үшін менің атымнан өтініш беріп, қажетті анықтамалар мен құжаттарды алуға, сату- сатып алу келісімшартына қол қоюға, сыйлауға, маған тиесілі ақшаларды алуға, шартты жергілікті орындарда тіркеуге, менің орныма қол қоюға және осы тапсырманы орындауға байланысты барлық әрекеттерді жүргізуге құқық беремін.

Сенімхат үш жыл мерзімге берілді.

 

Осы Сенімхатты мен,                                                                      ,

 

(нотариалдық кеңсенің атауы, лицензияның № , берілген күні)

нотариусы «      »                          20         ж. растадым.

Сенімхатқа         менің          қатысуыммен         азамат(ша)                           

                                                           (аты-жөні) қол қойды.

Жеке басы анықталды, қабілеттілігі тексерілді. Сенімхаттың мәтінін нотариус дауыстап оқыды.

                                            тіркемеге тіркелді.

Тариф бойынша:                                      теңге алынды.

 

Нотариус:                                         

(қолы)

 

(Мөрдің орны)

Сұрақтарға жауап беріңіз.

  1. Сенімхат қандай құжат?
  2. Сенімхаттың неше түрі болады?

 

  1. Сенімхат қандай мерзімге дейін өз күшін сақтайды?
  2. Сенімхаттың жарамдылығы қалай жазылуы керек?
  3. Қандай жағдайда ол өз күшін жояды?
  4. Сенімхат қайда куәландырылады?
  5. Нотариус сенімхатты қалай куәландырады?
  6. Сенімхаттың құрылымы қандай?
  7. Сенімхат берілетін жағдайлар қандай?
  8. Сенімхат қанша дана болып дайындалады?

 

Тілдік бірліктер:

 

•  мекенжайында тұратын

•  жеке куәліктің иегері

•  мұрагерлік құқық туралы куәлікті алуына

•  мұрагерлік құқығымды рәсімдеуіне

•  лицензия негізінде әрекет жасаушы

•  оларды мемлекеттік органдарға тіркеуге

•  жер телімін сыйлауға

•  мүлік иесі ретінде мені салық инспекциясына белгілеуге

•  тізбеге тіркелді

құқықты іс-әрекетке қабілеттілігі анықталды

•  сату-сатып алу шарттарына қол қою

•дейін өз күшінде

•  ағама сеніп тапсырамын

•  адамның жеке басын анықтау

•  банкоматтық карточкамды пайдалануға …..

•  банктік есептер мен салымдарға билік ету

•  барлық әрекеттерді жүргізуге

•  жалға беруге сенім білдіру

•  кәсіпорын атынан мәміле жасау үшін

•  келісімшартқа сәйкес несие

•  қажетті анықтамалар мен құжаттарды алу

•  құқықтық іс-әрекет

•  маған тиесілі мүлікті алу

•  маған тиесілі ақшаларды алуға

•  мемлекеттік баж

•  менің атымнан өтініш беру

•  менің орныма қол қою

•  өкілетті ету

 

 

•   сенім білдіремін

•  сенім білдіруші

•  сенімхат….. мерзімге берілді

•  сенімхат үш жыл мерзімге берілді

•  сенімхаттың мәтінін нотариус дауыстап оқыды

•  осы тапсырманы орындауға байланысты барлық шарттарға қол қойып, мәміле жасау

•  үш дана етіп жасалған

 

  • жаттығу. Сөз тіркестерін аударыңыз.

нотариалдық кеңсе

мөр басу

құқықтық іс-әрекетке қабілеттілік

сенімхатты куәландыру

сенім білдіретін тұлға

материалдық құндылықтар

іс жүргізу

құқық беру

өз күшін сақтау

сенім білдіруші

жеке басын анықтау

тізбеге тіркелді

мемлекеттік салық алынды

  • жаттығу. Қазақ тіліне аударыңыз.

распоряжаться всем моим имуществом

продать квартиру

подарить квартиру

обменивать квартиру

сдавать квартиру под залог

распоряжаться банковскими счетами и вкладами

получать почтовую корреспонденцию

вести мои дела во всех учреждениях

расписываться за меня

ç Тапсырмалар:

  1. Ініңіз Е. Болатұлына «Мерседес» маркалы машинаңызды бір жылға жүргізуіне сенімхат беріңіз.
  2. Жандос Айтбайұлына өзіңіз тұратын үйді сатуға және сіз үшін барлық құжаттарға қол қоюға сенетіндігіңіз туралы сенімхат беріңіз.

 

  1. Талғар күре жолы бойындағы саяжайыңызды балаңыздың сатуына және сіз үшін қол қоюына рұқсат беретіндігіңіз туралы сенімхат беріңіз.
  2. Ініңізге өз атыңыздан қол қойып, үйіңіздің техникалық құжатын (техпаспортын) жасатуға сенім білдіретіндігіңіз туралы сенімхат беріңіз.
  3. «Атамұра» баспасынан шыққан кітаптарды ініңізге өзіңіздің атыңыздан алуға рұқсат беретіндігіңіз туралы сенімхат беріңіз.

h Сөздік және сөз тіркестері:

сенімхат                                              – доверенность

куәландыру                                          – удостоверять

адамның жеке басын анықтау               – установить личность іс-әрекетке қабілеттілігі      – дееспособность

шәкіртақы                                            – стипендия

зейнетақы                                            – пенсия

тұрғын үй                                            – жилой дом

пәтер                                                   – квартира

сыйлау                                                 – подарить

сату                                                     – продать

айырбастау                                          – обменять

мұрагерлікке қалдыру                          – оставить в наследство

…..дейін өз күшінде                            – действителен по …..

ағама сеніп тапсырамын                       – доверяю своему брату

банкоматтық карточкамды…………………….. на пользование

пайдалануға …..                                     банкоматной карточкой

банктік есептер мен                             – распоряжаться банковскими

салымдарға билік ету                              счетами и вкладами

барлық әрекеттерді жүргізуге               – на совершение всех действий жалға беруге сенім білдіру            – оказать доверие на аренду кәсіпорын атынан мәміле жасау үшін     – для совершения сделки от

имени предприятия келісімшартқа сәйкес несие  – ссуда, кредит в соответствии

с договором

қажетті анықтамалар мен                     – получать необходимые

құжаттарды алу                                      документы и справки

құқықтық іс-әрекет                              – правовые действия

маған тиесілі мүлікті алу                     – получить причитающееся мне имущество

маған тиесілі ақшаларды алуға             – на получение

принадлежащих мне денег

мемлекеттік баж салығы                       – государственная пошлина менің атымнан өтініш беру     – подать заявление от моего

имени

менің орныма қол қою                        – расписываться за меня

 

осы тапсырманы орындауға                – совершать все действия и байланысты барлық шарттарға                                                            формальности, связанные қол қойып мәміле жасау              с выполнением настоящего

поручения

өкілетті ету                                         – уполномочить

сенім білдіремін                                 – доверяю

сенім білдіруші                                  – доверитель

сенімхат …. мерзімге берілді              – доверенность выдана сроком на …..

сенімхат үш жыл мерзімге берілді      – доверенность дана сроком

на три года сенімхаттың мәтінін нотариус – нотариус огласил текст дауыстап оқыды                                    доверенности вслух

үш дана етіп жасалған                        – составлено в трех экземплярах

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *