Жоспары:
1. Қазақстан Республикасындағы білім беру жүйесі.
2. Қазіргі білім беруді дамытудың бүгінгі бағыттары. Болондық үрдіс.
3. Білім беру саласын жетілдірудегі мемлекеттік құжаттар мен ұстанымдары.
4. Үздіксіз білім беру. Инклюзивті білім беру. Қосымша білім беру.
Әдістемелік нұсқау: ұсынылған әдебиеттерді пайдалана отырып, жоспар бойынша
қысқаша конспект дайындау.
Тапсырма:
1. Қазақстан Республикасындағы білім беру жүйесінің құрылымын сызба түрінде
орындаңыз.
2. Білім беру саласын жетілдірудегі мемлекеттік құжаттар мен ұстанымдарды кесте
түрінде толтырыңыз.
3. Үздіксіз білім беру. Инклюзивті білім беру. Қосымша білім беру тақырыптарына
конспект жазу.
Блиц-тест
1. Қазақстан Республикасындағы білім беруді дамытудың мемлекеттік
бағдарламасы қандай мерзімдерге арналған?
А) 2005-2010 ж.ж.
В) 2003-2010 ж.ж.
С) 2003-2030 ж.ж.
Д) 2005-2015 ж.ж.
Е) 2000-2005 ж.ж.
2. Қазақстан Республикасындағы білім берудің мемлекеттік саясаты принциптеріне
жатпайды:
А) Үздіксіз білім беру.
В) Жалпы орта білім берудің тегіндігі.
С) Білім берудің зиялылық сипаты.
Д) Барлық азаматтардың тең құқықтылығы.
3. Оқушының дүниетанымы, мінезі және өмірлік өзін-өзі анықтауықалыптасу
кезеңі:
А) Жоғары мектеп жасы.
В) 6-10жас.
С) Кіші мектеп жасы.
Д) Орта мектеп жасы.
Е) 10-15 жас.
4. «Білім беру» ұғымына анықтама беріңіз:
А) Қоғам мүшелірінің адамгершілік, интеллектуалдық, мәдени және дене дамуы мен
кәсіби біліктілігінің жоғары деңгейіне қол жеткізуді мақсат ететін үздіксіз тәрбиелеу мен
оқыту процесі.
В) Жеке тұлғаны кәсіпке даярлаудың нәтижесі.
С) Жеке адамның көзқарасын, адамгершілігін және т.б. қасиеттерін дамыту.
Д) Ғылымда жинақталған білім жүйесін жеке адамның меңгеруі және оны өмірде тиімді
етіп қолдана білуі.
Е) Оқытушы мен оқушы арасында мақсатты бағытталған өзара қарым-қатынастың
нәтижесі.
5. Оқу бағдарламасы – бұл?
A) Әр оқу пәнінен оқушылардың меңгеретін білім, білік, дағдысының мазмұны мен
көлемін белгілейтін құжат;
B) Оқу орындарында оқылатын оқу пәндерінің құрамын, оның оқу жылы бойынша өтілу
тәртібі мен бірізділігін, әрі оқу пәнінің берілетін уақыт мөлшерін
және оқу жылының құрылымын белгілейтін құжат;
C) Белгілі бір салада ғылым мен мәдениеттің қазіргі жетістігі деңгейінде білім негіздері
жүйелі баяндалатын кітап, білімнің маңызды көзі;
D) Білім беру жүйесі мен оқу орындарының қызметін және олардың даму жолдарын
реттейтін маңызы бар нормативті құжаттар;
E) Нормативті құжаттарда бекітілген білім беруге міндетті талаптар;
Тапсырма:
1. Қазақстан Республикасындағы білім беру жүйесінің құрылымын сызба түрінде
орындаңыз.
2. Білім беру саласын жетілдірудегі мемлекеттік құжаттар мен ұстанымдарды кесте
түрінде толтырыңыз.
3. Үздіксіз білім беру. Инклюзивті білім беру. Қосымша білім беру тақырыптарына
конспект жазу.
Глоссарий:
Гимназия – білім алушылардың бейімділігі мен қабілетіне сәйкес қоғамдықгуманитарлық және өзге де бағыттар бойынша кең ауқымда және тереңдете білім беруді
қамтамасыз ететін бастауыш, негізгі орта және жалпы орта білім берудің жалпы білім
беретін және қосымша білім беретін оқу бағдарламаларын іске асыратын оқу орны;
Институт – жоғары білім берудің білім беретін оқу бағдарламаларын іске асыратын
жоғары оқу орны;
Колледж – жалпы орта және техникалық пен кәсіптік білім берудің немесе орта білімнен
кейінгі білім берудің білім беретін оқу бағдарламаларын іске асыратын оқу орны;
Лицей– оқушылардың бейімділігі мен қабілетіне сәйкес оларға кең ауқымда және
тереңдете жаратылыстану-математикалық білім беруді қамтамасыз ететін негізгі орта
және жалпы орта білім берудің жалпы білім беретін және қосымша білім беретін оқу
бағдарламаларын іске асыратын оқу орны;
Магистратура – тиісті мамандығы бойынша «магистр» академиялық дәрежесі беріле
отырып, ғылыми және педагог кадрлар даярлауға бағытталған, жоғары оқу орнынан
кейінгі білім берудің кәсіптік білім беретін оқу бағдарламасы;
Оқу бағдарламасы – әрбір оқу пәні (сабақ) бойынша меңгерілуге тиісті білімнің,
шеберліктің, дағдылар мен біліктіліктің мазмұны мен көлемін айқындайтын бағдарлама;
Оқу жоспары– білім берудің тиісті деңгейіндегі оқу пәндерінің (предметтерінің) тізбесі
мен көлемін, оларды зерделеу тәртібі мен бақылау нысандарын регламенттейтін құжат;
Орта білім — азаматтардың Қазақстан Республикасының Конституциясымен кепілдік
берілген, білім берудің мемлекеттік жалпыға міндетті стандарттарына сәйкес бастауыш,
негізгі орта және жалпы орта білім берудің жалпы білім беретін оқу бағдарламаларын
меңгеруі нәтижесінде алатын білімі;
Университет – мамандықтардың үш және одан да көп тобы бойынша жоғары білім
берудің, магистратураның және докторантураның білім беретін оқу бағдарламаларын іске
асыратын, іргелі және қолданбалы зерттеулерді жүзеге асыратын, ғылыми және
әдістемелік орталық болып табылатын жоғары оқу орны;
Училище – мәдениет пен өнер саласында негізгі орта, жалпы орта, техникалық және
кәсіптік немесе орта білімнен кейінгі білім берудің білім беретін оқу бағдарламаларын
іске асыратын оқу орны;
Бақылау сұрақтары:
1. Қазақстан Республикасындағы білім беру жүйесіне сипаттама беріңіз.
2. Білім беру жүйесін дамытудың негізгі факторларын атаңыз.
3. Қазіргі білім беруді дамыту бағыттары қандай?
4. Болондық үрдіс дегеніміз не?
5. Білім беру бойынша Қазақстандық және халықаралық қандай құжаттарды білеміз?
6. Білім беру саласындағы заңды құжаттарды атаңыз?
7. Білім беру саласындағы Қазақстан Республикасының мемлекеттік саясатының
қандай ұстанымдары бар?
8. Қазіргі білім беру жүйесінің мақсаты мен міндеттерін атаңыз.
Әдебиеттер:
1. Білім туралы. Об образовании: Қазақстан Республикасының Заңы. – Алматы:
Литера, 2000. – 96б.
2. Педагогика: Педагогикалық жоғары оқу орындары мен педагогикалық колледждер
студенттеріне арналғаноқулық / Ред.басқ. П.И.Пидкасистый. – Алматы: Қазақ
университеті, 2006
3. Жұмабаев М. Педагогика А, 1994 – 280 бет
4. Әбиев Ж., Бабаев С., Құдиярова А. Педагогика.-А. 2004
5. Ж.Қоянбаев, Р.Қоянбаев. Педагогика. — Алматы, 1998.
6. Е.Сағындықұлы. Педагогика. — Алматы, 1999.
7. Педагогика. Дәріс курсы. – Алматы: Нұрлы әлем, 2003. – 368 б.
8. Педагогика: Оқу құралы. /Жалпы ред. басқарған А.М.Құдиярова. – Алматы:
Дарын, 2004. – 448 б.
9. Педагогика. Қоянбаев Ж.Б., Қоянбаев Р.М. – Алматы, 2004 – 412 б.
10. Педагогика: Оқулық / /Құрманалина Ш., Мұқанова Б., Ғалымова Ә., Ильясова Р. 2-
басылым. – Астана: Фолиант, 2010. – 656 б.
11. Педагогика: Оқулық / Құрманалина Ш., Мұқанова Б., Ғалымова Ә., Ильясова Р. 3-
басылым. – Астана: Фолиант, 2014. – 472 бет.