Мақсаты: Оқушы тұлғасы – тәрбиенің объектісі және субъектісі ретінде және тұлғаның
әлеуметтенуі, дамуы туралы теориялық білімді толықтыру, бекіту.
Жоспары:
1. Оқушы тұлғасы – тәрбиенің обьектісі және субьектісі ретінде.
2. Жеке тұлға даму туралы қазіргі ғылыми пайымдаулар, теориялар. Тұлғаның
қалыптасуына ықпал ететін негізгі факторлар.
3. Қазақ халық педагогикасындағы тұлға қалыптасуы туралы көзқарастар.
4. Адамның дамуы мен тәрбиесінің, оқыту мен дамудың өзара байланысы.
5. Жас кезеңдері туралы түсінік. Түрлі жас кезеңіндегі оқушылардың дамуы мен
тәрбиесінің ерекшеліктері.
Әдістемелік нұсқау: Ұсынылған әдебиеттерді мұқият қарап шығып, оның негізінде әрбір
сұрақтарға жазбаша жауап дайындаңыз.
Блиц-тест
1. Тұқым қуалайтын….
А. Баланың шашы мен көзінің бояуы, тері пигменті, бет келбеті, бас формасы, жүрісі, өзін
ұстауы;
В. Басқа біреуге бағынуы;
С. Ақыл-ой ерекшеліктері;
D. Өжет, жұмсақ, байсалды мінездер.
2. Сазгерлердің балалары музыкаға не себепті қабілетті:
А. Ұрықта пайда болған қасиеттердің өрістеп күшеюі;
В. Ұрықта пайда болған қасиеттердің сан жағынан артуы;
С. «Геналар сайманына»;
D. Табиғи мүмкіншілікке, музыкалық дәстүрге, арнаулы музыкалық тәрбиеге.
3. Қабілет дамуына әсер ететін….
А. Музыкалық есту қабілетінің жақсы болуында;
В. Әлеуметтік жағдай және генетикалық қор;
С. Тәрбие;
D. Орта.
4. Мінез-құлықтағы ерекшеліктер неге байланысты?
А. Тұқым қуалауға;
В. Тәрбиеге;
С. Табиғат жағдайына;
D. Дұрыс жауабы жоқ.
5. Әлеуметтік орта адамның қалыптасуына қалай ықпал етеді?
А. Жоспарлы;
В. Түрлі әлеуметтік қатынастар арқылы;
С. Тәрбиелік шара;
D. Жоспарсыз.
6. Жеке адамады дамытудағы басты фактор:
А. Тұқым қуалау;
В. Тәрбие;
С. Тәрбиелік шаралар;
D. Дұрыс жауабы жоқ.
7. Педагогика тарихында тәрбиенің рөлін аса артық бағалаған:
А. Платон;
В. Аристотель;
С. Дьюй;
D. Локк.
8. Даму дегеніміз – бұл :
А. Адам ағзасындағы сандық өзгерістер;
В. Ескінің жойылып, жаңаның тууы;
С. Әр түрлі факторлардың әсерінен адам ағзасында болатын сандық және сапалық
өзгерістер;
D. Адам бойында қажет сапаларды қалыптастырудың мақсатты бағытталған үрдісі.
9. Тұлға дамуына әсер етуші факторлар:
А. Тәрбие, орта, биологиялық фактор;
В. Достары, отбасы,ортасы;
С. Тұқымқуалаушылық, әлеуметтік фактор;
D. Тәрбие білім алатын ортасы.
10. Балалардың қабілетінің дамуы қандай құбылыспен тікелей байланысты?
А. Оқыған кітаптар санымен;
В. Алған білімімен, тәрбиесімен;
С. Табиғи бейімділігімен;
D. Құрдастарымен, ортамен араласуымен.
11. Педагогикада мектептегі жас ерекшелік кезеңдері нешеге бөлінеді?
А. 10-ға;
В. 7-ге;
С. 6-ға;
D. 4-ке.
12. 1 жастан 3 жасқа дейінгі кезең қалай аталады?
А. Орташа мектеп жасы;
В. Кіші мектеп жасы;
С. Нәрестелік шақ;
D. Сабилік шақ.
13. Акселерация деген қай елдің, қандай сөзі?
А. Гректің « құбылыс» деген сөзі;
В. Арабтың «тездеу» деген сөзі;
С. Латынның «жеделдеу, тездеу»деген сөзі;
D. Ағылшынның «өсу» деген сөзі.
14. Қазіргі мектептердігі тәрбие мақсаттары қандай?
А. Тұлғаның ақыл-ой, адамгершілік, көңіл күй және дене дамуына жағдай жасау;
В. Адамның шығармашылық қабілетін ояту;
С. Баланың жан-жақты дамуын қамтамасыз ету;
D. Жалпы адамзаттың құндылықтарға негізделген гуманистік көзқарас қалыптастыру.
Глоссарий
Индивид – латын тілінен аударғанда “жекелік” деген мағынаны білдіреді.
Жеке тұлға–әлеуметтік қатынастар мен саналы іс-әрекеттердің субъектісі
Жеке тұлғаның ерекшелігі дегеніміз – оның өзіне тән мінез-құлқындағы, іс-әрекетіндегі,
көзқарасындағы ерекшелігімен даралануы.
Отбасы – адамзат қоғамның ең шағын бейнесі. Қоғамда отбасы екі қызмет атқарады, оның
бірі – дүниеге ұрпақ әкелу, екіншісі – дүниеге келген сәбиді тәндік жағынан дамытуды
қамтамасыз етіп, өмір бойы рухани жағынан жетілдіріп, оны тұлға ретінде қалыптастыру
Орта – адам дамуына табиғи және әлеуметтік жағынан ықпал ететін құбылыс.
Әлеуметтік орта – жеке адамның мінез-құлқының дамуына ықпал жасайтын әлеуметтік
қатынас, олардың көп қырлы іс-әрекеттері.
Табиғи орта – бұл түрлі табиғат жағдайының адам тұрмысына қызметіне ықпал жасауы.
Тұлға – жеке адамның мақсатының орындалуы, ерік-жігерінің іске асуы, өзі жөніндегі
ойын, еркін іске асыруға дайындығы және оны іске асыруының нәтижесі.
Даму – жеке адамды жетілдірудің өте күрделі және диалектикалық процесі.
Акселерация дегеніміз – бұл балалардың дене және психикалық дамуында соңғы жылдары
айқындалған күрделі өзгерістердің бірі – ағзаның жедел дамуы.
Бақылау сұрақтары:
1. «Тұлға», «Адам», «Индивид», «Жекелік» ұғымдарына түсінік беріңіз.
2. Тұлғаның қалыптасуына ықпал ететін факторлар. Адамның өзіндік өзгертуші ісәрекеті – тұлғаны қалыптастырудың негізгі факторы екенін түсіндіріңіз.
3. Оқушылардың дамуы мен тәрбиесінің өзара байланысы қандай?
4. Оқыту мен дамудың өзара байланысын түсіндіріңіз.
5. Әлеуметтену үрдісінде тұлға қалыптасуы қалай жүреді?
6. «Тұлғаның өзін-өзі дамытуы» ұғымының мәнін ашыңыз.
7. Тұлға дамуының қозғаушы күштері және негізгі заңдылықтарын атаңыз.
8. Жас кезеңдері туралы түсінік беріңіз. Түрлі жас кезеңіндегі оқушылардың дамуы
мен тәрбиесінің ерекшеліктерін түсіндіріңіз.
Әдебиеттер:
1. Әбиев Ж.,Бабаев С.,Құдиярова А. Педагогика.-А. 2004
2. Р.С. Немов. Учебник для студентов высших пед. учебных заведений. Т2.
(Психология образования) – М.,2003
3. Педагогика: Педагогикалық жоғары оқу орындары мен педагогикалық колледждер
студенттеріне арналғаноқулық / Ред.басқ. П.И.Пидкасистый. – Алматы: Қазақ
университеті, 2006
4. Айтмамбетова Б.Р. Тәрбие процесінің мәні және мазмұны. Тәрбие принциптері. А.,
1991
5. Керімов Л.К. Қиын оқушылар және оларды қайта тәрбиелеу мәселелері. А., 1991
6. Т.Сабыров. Балаларға ақыл-ой тәрбиесін берудің кейбір мәселелері.- Алматы,1977.
7. Ө.А.Уманов,В.А.Парфенов.Бала бақыты.– Алматы,1979.
8. Никитин Б.А., Никитина А.П. Мы и наши дети.- М.:Московский рабочий,1988.
9. А.Г.Хрипкова.Ұлы есейсе,қыз өссе.– Алматы,1988.
10. Хрипкова А.Г.Биологическое исоциальное вразвитии,формировании и воспитании
человека. Библиотека «Актуальные проблемы педагогики и психологии».-
М.:Знание,1970.Вып.2.
11. Харламов И.П.Педагогика. – М.,1990.
12. Р.Қоянбаев. Тәрбие теориясы . – Алматы,1991.