Мақсаты:Тәрбие мақсаттарын анықтауға білім, икем, дағдыларын қалыптастыру,
педагогикалық үрдіс – тұтас жүйе және құбылыс ретінде тусініктерін толықтыру
Жоспары:
1. Тәрбие мақсаты туралы түсінік. Тәрбие мақсатының қоғамдық-тарихи
сипаттамасын талдау.
2. Бүгінгі жан-жақты және үйлесімді дамыған тұлға қалыптастыру туралы. Қазақ
халық педагогикасындағы тәрбие мақсаты мен «сегіз қырлы бір сырлы» ұрпақ
тәрбиесінің мәні.
3. Тұтас педагогикалық үрдіс, оның құрылымы және компоненттері.
4. Тұтас педагогикалық үрдістің заңдылықтары мен ұстанымдары.
5. 12-жылдық мектепте және шағын жинақты мектепте педагогикалық үрдісті
ұйымдастырудың ерекшелігі.
Әдістемелік нұсқау: ұсынылған әдебиеттерді пайдалана отырып, жоспар бойынша
қысқаша конспект дайындау.
Тапсырма: Әртүрлі авторлардың еңбектерінде көрсетілген «педагогикалық үрдіс»
ұғымының мазмұнын салыстырыңыз. Өз көзқарасыңызды білдіріңіз.
Глоссарий
Тәрбиелеу – әрбір оқушының ғылыми көзқарасын, адамгершілігін, белсенді
шығармашылығын және әлеуметті кемелденген жоғарғы адамгершіліктегі үйлесімді
дамыған тұлғасын дамытуды мақсат етеді.
Тәрбие – көпжақты процесс. Жасөспірімдері азамат етіп тәрбиелеу, қоғамдық пайдалы
еңбекке әзірлеу процесіқоғамның барлық азаматтарының міндеті, жанұя, мектеп пен
жұртшылықпен бірлесіп атқаратын ортақ мақсаты.
Жеке адамның дамуы – бұл ішкі және сыртқы, басқарылатын, басқарылмайтын
факторлардың ықпалымен жеке адамның қалыптасып жетілу үрдісі. Жеке адамның
дамуына жетіліуне мақсатты түрде жүргізілетін тәрбие мен оқыту шешуші роль атқарады.
Бақылау сұрақтары:
1. Ғылымда объект және пән деген ұғым нені білдіреді? Бұл мұғалімнің практикалық
іс-әрекеті үшін қандай маңызы бар?
2. Педагогиканың пәні не болады?
3. Әртүрлі авторлардың еңбектерінде көрсетілген «педагогикалық үрдіс» ұғымының
мазмұнын салыстырыңыз. Өз көзқарасыңызды білдіріңіз.
4. Не себепті педагогикалық үрдіс тек қана мұғалім іс-әрекетінің объектісі болып
табылады?
5. Дамудың қозғаушы күштеріне сипаттама беріңіз.
6. Мұғалім педагогикалық үрдімтің дамуына әсер ете алады ма?
7. Педагогикалық үрдіс үшін қандай қайшылықтар тобы тән?
Әдебиеттер:
1. Педагогика. Дәріс курсы. – Алматы: Нұрлы әлем, 2003. – 368 б.
2. Педагогика: Оқу құралы. /Жалпы ред. басқарған А.М.Құдиярова. – Алматы:
Дарын, 2004. – 448 б.
3. Педагогика. Қоянбаев Ж.Б., Қоянбаев Р.М. – Алматы, 2004 – 412 б.
4. Педагогика: Оқулық / Құрманалина Ш., Мұқанова Б., Ғалымова Ә., Ильясова Р. 3-
басылым. – Астана: Фолиант, 2014. – 472 бет.