Қазіргі педагогиканың әдіснамалық негіздері


Мақсаты: Қазіргі педагогиканың әдіснамалық негіздері туралы дәрісте алған теориялық
білімдерін толықтыру.
Жоспары:
1. Педагогика пәнінің негізгі міндеттеріне талдау жасау, мысал келтіру.
2. Педагогика ғылымының әдіснамасына ТМД және қазақстандық оқулықтар
бойынша салыстыру.
3. Педагогиканың зерттеу әдістері, саралануы.
Әдістемелік нұсқау: Ұсынылған әдебиеттерді мұқият қарап шығып, оның негізінде әрбір
сұрақтарға жазбаша жауап дайындаңыз.
Тапсырма:
1. Педагогика ғылымының әдіснамасына ТМД және қазақстандық оқулықтар
бойынша салыстырмалы кесте даярлау.
2. Педагогиканың зерттеу әдістерінің саралануы. Кесте құрастырыңыз.
3. Дидактикалық бірліктердің мазмұнына сай ауызша хабарлама жасау
Блиц-тест:
1. Ғылыми педагогикалық зерттеу деген не?
А) педагогикалық жаңа білімдердің қалыптасу үдерісті, оқыту, тәрбиелеу,
дамытудың обьективтік заңдылықтарын ашуға бағытталған танымдық іс-әрекет түрі;
В) ізденіс, зерттеу іс-әрекетіне қызығушылығын дамыту;
С) ғылыми іс-әрекетті жоспарлау;
D) ғылыми жұмыстардың негізгі нәтижелері.
2. Педагогикалық зерттеу принципін белгіле:
А) материалды саналы меңгерту
В) білімнің беріктілігі
С) үлгі
D) теория мен тәжірибенің байланысы
Е) құбылыстарды өзгеріс, даму үстінде зерттеу.
3. Педагогикалық зерттеулердің деңгейлерін белгіле:
А) әдістемелік, теориялық, эмпирикалық;
В) шығармашылық, қатынастар жиынтығы;
С) жоспар дайындау, нәтижесі;
D) кезеңдерін анықтау, талдау
Е) теориялық, технологиялық, әдіснамалық
4. Педагогика ғылымның әдіснамасы:
А) таным теориясы
В) білімдер жүйесі
С) зерттеу нәтижесі
D)зерттеу әдістері
Е) қағидалар жүйесі
Глоссарий
Педагогика ғылымы – жан-жақты тәрбие, білім беру, оқыту процестерінің
заңдылықтарын зерттйтін ғылым.
Әдіс – белгілі бір мақсатты жүзеге асыру үшін жасалған әрекет ету тәсілі.
Әдістеме – грек тілінен алынған таным жолы деген мағынада қолданылады. Метод
түбірінен шыққан «Методика» термині аударғанда «әдістеме» мағынасын береді.
Методология – әдістер жүйесі туралы ілім, теориялық, практикалық әрекетті жасау,
ұйымдастырудың негізі мен тәсілдерінің жүйесі.
Методология – дүниені танып білу тәсілдері туралы ілім.
Ғылымның методологиясы – ғылыми зерттеу әдістерін, белгілі бір ғылымның пәнін
зерттеу кезінде басшылыққа алынатын ұстанымдарды анықтайды.
Әдіснама– танымға жету мен оны құру тәсілі болып табылады
Бақылау сұрақтары:
1. Педагогиканың әдіснамалық негіздері атаңыз.
2. Педагогика ғылымының әдіснамасы туралы түсінік.
3. Педагогиканың философиялық негіздемелерін атаңыз.
4. Педагогикалық зерттеу әдістерін атап, мысал келтіріңіз.
5. Ғылыми-педагогикалық зерттеулердің құрылымы және логикасын түсіндіріңіз
6. Бүгінгі педагогикалық ғылымдардың жүйесі туралы не айтасыз?
Әдебиеттер:
1. Әбиев Ж., Бабаев С., Құдиярова А. Педагогика.-А. 2004
2. Педагогика. Дәріс курсы. – Алматы: Нұрлы әлем, 2003. – 368 б.
3. Педагогика: Оқу құралы. /Жалпы ред. басқарған А.М.Құдиярова. – Алматы:
Дарын, 2004. – 448 б.
4. Педагогика. Қоянбаев Ж.Б., Қоянбаев Р.М. – Алматы, 2004 – 412 б.
5. Педагогика: Оқулық / Құрманалина Ш., Мұқанова Б., Ғалымова Ә., Ильясова Р. 3-
басылым. – Астана: Фолиант, 2014. – 472 бет.
6. Ғылыми-педагогикалық зерттеу әдістемесі. Оқулық. – Ақтөбе: Қ.Жұбанов
атындағы Ақтөбе МУ, 2014ж.-308 бет

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *