Тақырыбы: Кіріспе. Педагогика – адам тәрбиесі туралы ғылым
Мақсаты: Педагогика пәні туралы дәрісте алған теориялық білімдерін, жалпы
түсініктерін толықтыру. Педагогиканың негізгі категорияларын талдау.
Жоспары:
1. Педагогика – адам тәрбиесі туралы ғылым. Зерттеу пәні, мақсат, міндеттері.
2. Педагогика ғылымының негізгі ұғымдары және олардың өзара байланысы.
3. Педагогикалық ғылымдардың жүйесі.
4. Педагогиканың басқа ғылымдармен байланысы. Хронологиялық кесте даярлау.
Әдістемелік нұсқау: Ұсынылған әдебиеттерді мұқият қарап шығып, оның негізінде әрбір
сұрақтарға жазбаша жауап дайындаңыз.
Тапсырма:
1. Негізгі ұғымдар бойынша глоссарий, анықтамалық кесте құрастыру.
2. Педагогиканың басқа ғылымдармен байланысын хронологиялық кесте түрінде
даярлау.
3. Тақырып бойынша слайд-презентация жасау.
4. Жазба жұмыстары негізінде ауызша хабарлама жасау.
Тест сұрақтары:
1. Педагогика қоғамдық өмірде нені анықтайды?
А. Қоғамның даму жолдарын;
В. Тәрбиенің мән мен рөлін;
С. Қоғамның даму заңдылықтарын;
D. Адамның жаңа даму заңдылықтарын;
2. Педагогика қандай ғылым?
А. Жан туралы ғылым;
В. Жалпы адам тәрбиесі жайындағы ғылым;
С. Адам жанын дамыту жайындағы ғылым;
D. Адамды қалыптастыру туралы ғылым;
3. Жастарды әлеуметтік өмірге және еңбекке даярлау, оларға қоғамдық-тарихи
тәжірибені үйрету процесі:
А. Оқыту;
В. Тәрбие;
С. Өзін-өзі тәрбиелеу;
D. Дамыту
4. Тар мағынадағы тәрбие дегеніміз?
А. Тәрбие — мұғалім мен тәрбиешінің ата-аналарымен бірігіп, мақсатты түрде
жүргізетін тәрбие жұмыстары;
В. Тәрбие мәселлерімен кәсіподақ ұйымдары, қоғамдық мекемелер, еңбек ұжымдары
және бүкіл жұртшылық айналысуы;
С. Әлеуметтік ортаның, мектеп пен ата-аналардың бүкіл бұқараның тұлғаның дамуы
мен қалыптасуына ететін ықпалы;
D. Балаға толық ерік беру, тұрмыс қалпына бейімдеу;
5. Білім беру ұғымын ең алғашқы рет педагогикаға енгізген:
А. Н.К.Крупская;
В. А.В.Луначарский;
С. М.Н.Покровский;
D. И.Г.Песталоцци;
6. Негізгі педагогикалық ұғымдар:
А. Тәрбие, білім беру, оқыту;
В. Болмыс, материя, қозғалыс;
С. Өндіргіш күштер, өндірістік қатынастар;
D. Мақсат, құрал-тәсіл;
7. «Ата-аналар үшін кітап», «Балаларды тәрбиелеу жайлы дәрістер», «Ұстаздық
дастан» педагогикалық шығармаларын кім жазған?
А. А.С.Макаренко;
В. В.А.Сухомлинский;
С. А.Байтұрсынов;
D. И.А.Каиров;
8. Бүкіл өмір жолын мектеп ашуға, қазақ баласын оқуға тартуға, оқу құралдарын
жазуға, дүние ғылымдарын үйретуге арнаған:
А. Шоқан;
В. Абай;
С. Ыбырай;
D. Ахмет;
9. Қазақ жерінде тұңғыш мұғалімдер мектебі қашан ашылды?
А. 1835 ж;
В. 1841 ж;
С. 1888 ж;
D. 1889 ж;
10. Орыс-қазақ мектептеріне арналған «Қазақ хрестоматиясы» қашан жазылды?
А. 1865;
В. 1879;
С. 1841;
D. 1835;
11. Қазақ жастарының кәсіптік мамандық алуына жол ашқан:
А. Шоқан;
В. Абай;
С. Ыбырай;
D. Мағжан;
12. «Атаның баласы болма, адамның баласы бол… Жақсы көпке ортақ, пайдаң
еліңе, халқыңа тисін» деген пікір қай педагог көзқарасының басты нысаны?
А. Шоқан;
В. Ыбырай;
С. Абай;
D. Міржақып;
13. Қараңғы қазақ елінің көне өрмелеп шығып, күн болуды көксеген кім?
А. Ш.Уәлиханов;
В. Ы.Алтынсарин;
С. С.Торайгыров;
D. А.Құнанбайұлы;
14. Қазақша оқу құралы «Әліппені» жазған кім?
А. А.Байтұрсынов;
В. С.Торайғыров;
С. Ы.Алтынсарин;
D. А.Құнанбайұлы;
15. Қазақ грамматикасына қатысты категориялардың әрқайсысына тұңғыш
қазақша терминдерді ұсынған:
А. С.Торайғыров;
В. Ы.Алтынсарин;
С. Ш.Құдайбердиев;
D. А.Байтұрсынов;
16. «Есеп құралын» жазған кім?
А. М.Дулатов;
В. А.Байтұрсынов;
С. Н.Құлжанова;
D. Ж.Аймауытов;
17. «Педагогика» атты тұңғыш оқулық авторы:
А. М.Дулатов;
В. Н.Құлжанова;
С. Ж.Аймауытов;
D. М.Жұмабаев
18. Көру, есту, сөйлеу мүшелерінде және ақыл-ойында табиғи кемістігі бар
балаларды оқыту, тәрбиелеу мәселлерін зерттеп жетілдіретін сала:
А. Мектеп педагогикасы;
В. Педагогика тарихы;
С. Дефектология;
D. Мектепке дейінгі педагогика;
19. Сіздің ойыңызша қай термин тәрбие туралы ғылымның мәнін ашады?
А. Педагогика (гректің «пайдос» — бала және «аго» — жетектеу);
В. Андрогогика ( гректің «андрос» — ер адам және «аго» — жетектеу);
С. Педология (гректің «пайдос» — бала және «логос» — ғылым);
D. Антропология (гректің «антропос» — адам және «логос» — ғылым)
20. Оқыту дегеніміз не? Толық, дұрыс жауапты таңда:
А. Оқыту – бұл шәкірттерді өмірге даярлау мақсатында білімнің оқытушыдан оқушыға
берілуі;
В. Оқыту – бұл оқушы мен оқытушының екі жақта әрекеті барысында оқушының білік
жіне дағды жүйесін нақты және сапалы түрде меңгеріп, ақыл-ой және таным
қабілеттерінің дамуы мен таным әрекеті үрдісін меңгеруі және дүниеге ғылыми
көзқарасын қалыптастыруы;
С. Оқыту – бұл оқушы мен оқытушының білім, білік, дағдыны меңгеру кезіндегі
қарым-қатынасы;
D. Оқыту – оқушыға білім, білік, дағды қалыптастыруға және өмірге даярлауға
бағытталған мұғалім қызметінің үрдісі;
21. Педагогикалық жүйеге енген ғылымдар тобы қайсы? Дұрыс, дәл жауапты тап.
А. Дидактика, психология, тарих, философия, мектептану, тәрбие теориясы, мектеп
гигиенасы, салыстырмалы педагогика;
В. Жалпы педагогика, Жас ерекшелік педагогикасы, әлеуметік педагогика, жеке пән
әдістемелері, арнаулы педагогика, педагогика тарихы;
С. Мектепке дейінгі педагогика, мектеп педагогикасы, жоғары мектеп педагогикасы,
кәсіптік-техникалық білім педагогикасы;
D. Жалпы педагогика, этика, эстетика, жас ерекшелік физиологиясы, мектепке дейінгі
педагогика, мектептану, мектеп тарихы;
Глоссарий
Педагог – оқу орындарында, мектепке дейінгі және басқа мекемелерде сабақ немесе
тәрбие жұмысын жүргізетін тұлға, ақылшы ұстаз, баланы тәрбиелейтін, оқытатын маман.
Тәрбие – әлеуметтік институт ретінде қалыптасуын әлеуметтендіру, мәдениет жэне
әлеуметтік ереже, әлеуметтік тәрбие мақсатында жүргізу, сол арқылы қоғам мүшелерінің
әлеуметтік қажеттілігін өтеуге жағдай жасау.
Білім беру– табиғат пен қоғам жайында жинақталған білім жүйесін жеке адамның
меңгеруі және оны өмірде тиімді етіп қолдана білуі. Білім беру ұғымын педагогикаға
тұңғыш еңгізген – И.Песталоцци.
Білім беру– оқыту мен тәрбие жұмысын біріктіретін және жеке бастың дамуына
ықпал жасайтын процесс.
Білім беру– білім беру ісі шеберлікке, дағдыға баулудан белгілі бір кәсіпке, мамандыққа
үйретумен тиянақталады. Жалпы білім беруге: мектепке дейінгі тэрбиелеу мен оқыту, жалпы
бастауыш білім беру, жалпы негізгі білім беру, жалпы орта білім беру, жалпы қосымша білім
беру енеді.
Оқыту– білім, білік, әрекет дағдыларын үйрету мен меңгерту процесі, өмір мен еңбекке
бейімді етіп даярлаудың негізгі қүралы. Оқыту процесінде білім мен тэрбие мақсаттары жүзеге
асады. Оқыту екіжақты процесс: оқытушы – білім беруші, студент — білім алушы.
Оқыту– білім берудің негізгі жолы. Оқыту екі жақты, біртекті процесс:
1. Оқытушы оқушыларға білім беріп, іскерлік, дағдыға үйретеді.
2. Оқушы таным міндеттерін жете түсініп, жаңа білімді, іскерлікті, дағдыны игереді
және оларды өмірде қолданады.
Ал адамның білім алуы тек оқыту процесінің нәтижесі емес, оның білім алуына
көпшілік ақпарат құралдары кино, радио, телехабар, т.б. ықпал жасайды.
Өздігінен білім алу – бұл адамның мақсатқа бағытталған арнайы міндет көздеген
жұмысы, өздігінен білім алу адамның өзі қызығатын мәселеге байланысты ізденіп, қажетті
білімді меңгеруі, сонымен қатар, арнайы радио, телехабарды тыңдау арқылы білімін
жетілдіру болып табылады.
Өзін-өзі тәрбиелеу – адамның саналы түрде, белгілі бір мақсат көздеп өзінің
бойына қалыптастыратын қасиет, мінез-құлық дағдысына бағытталған жұмыс.
Жекеадамның дамуы – ішкі және сыртқы басқарылатын, басқарылмайтын және
факторлардың ықпалымен жеке адамның қалыптасып жетілу процесі. Жеке адам дамуы
мен жетілуінде мақсатты түрде жүргізілетін тәрбие және оқыту шешуші рөл атқарады.
Өзін-өзі тәрбиелеу – адамның саналы түрде, белгілі бір мақсат көздеп өзінің
бойына қалыптастыратын қасиет, мінез-құлық дағдысына бағытталған жұмыс. Жеке адам
қалыптасуында өзін-өзі тәрбиелеудің маңызы зор.
Бақылау сұрақтары:
1. Педагогика пәні, оның негізгі ұғымдарын атаңыз.
2. Тәрбие дегеніміз не? Тәрбиені кең және тар мағынада қалай түсінуге болады?
3. Педагогиканың дамуындағы негізгі кезеңдерді атаңыз.
4. Педагогика ғылымының жүйесі жайында не айтар едіңіз?
5. Тәрбие және оқу мәселелерін тиімді зерттеу үшін педагогика қандай ғылымдармен
тікелей байланыста болуы қажет?
6. Ғылыми бақылау және ғылыми әңгіме әдістерін оқу-тәрбие процесінде қалай
қолдануға болады?
7. Мектеп құжаттары мен оқушылардың шығармашылық жұмыстарын зерттеудің
маңызы мен алатын орнына тоқталыңыз.
8. Эксперименттің түрлері және басқа әдістерге қарағанда ерекшеліктерін атаңыз.
Әдебиеттер:
1. Әбиев Ж.,Бабаев С.,Құдиярова А. Педагогика.-А. 2004
2. Ж.Қоянбаев, Р.Қоянбаев. Педагогика. — Алматы, 1998.
3. Е.Сағындықұлы. Педагогика. — Алматы, 1999.
4. Педагогика. Дәріс курсы. – Алматы: Нұрлы әлем, 2003. – 368 б.
5. Педагогика: Оқу құралы. /Жалпы ред. басқарған А.М.Құдиярова. – Алматы:
Дарын, 2004. – 448 б.
6. Педагогика. Қоянбаев Ж.Б., Қоянбаев Р.М. – Алматы, 2004 – 412 б.
7. Педагогика: Оқулық / /Құрманалина Ш., Мұқанова Б., Ғалымова Ә., Ильясова Р. 2-
басылым. – Астана: Фолиант, 2010. – 656 б.
8. Педагогика: Оқулық / Құрманалина Ш., Мұқанова Б., Ғалымова Ә., Ильясова Р. 3-
басылым. – Астана: Фолиант, 2014. – 472 бет.