Тайсалмау,батыл болу.Әлденеден батылданып кетіп, қасымдағы Гүлсімді қаусырақұшақтай алдым (С. Бегалин). Бастапқыда жүрегіміз лүпілден, үрейленгендей болып едік, енді бірден-бірге етіміз үйреніп, батырланып алдық (Ә. Сәрсенбаев). Жаумен тұңғыш егесе, отқа кіріп шыққан соң, өжеттендің ересен, өлмесінді ұққан соң (М. Әлімбаев). Ыбырай жас жолбарыс жүректенген, дұшпанға арыстандай білектенген («Біржан сал»).