Еш нәрседен тайынбайтын, қорықпайтын.Қоспаны Балқожаның еді батыл, Жаулардан ауыл кегін алған ақыр (А. Нұртазин). Қалқаманның мінезі де баяғы қалпы, әлі де өжет, әлі де ойыншы, әлі де жайдары (С. Мұқанов). Қа-ланың да, даланың да түрлі жандарын көріп жүрген оқыған әрі өткір қыз Мәмбеттен сескене қоймады (X. Есенжанов). Сондай жортуылда қаптаған жаудан қайтпайтын Нұрболдай жүректі адамды көрген емеспін (Қ. Жұмаділов). Өжет, өтті жас жігіт жар қолынан дәм татып, көк ала түтін май-дандашапты жауға шаңдатып (С. Мәуленов). Қайша — тілді де бетті әйел, бұл жолы шын ерлік жасады («Лен. жас»). Ол көздегеніне жетпей тынбайтын өр, алғыр бала боп шықты (З. Серікқалиев). Аламын дегі Лағылды, Алтын бастар қағылды. Тәуекелшіл жастың да, Тауы қатты шағылды (Қ. Мырзалиев). Қасқыр ғой Мәжит, қасқыр ғой, — деп Жәкең өз ойын тағы қай-талады (Б. Нұржекеев).