Ба, бе, ма, ме, па, пе

 Сұраулық шылаудың фонетикалық нұсқалары. Құлмамбет, сен жақсы да, мен жаман ба, Ақында сенжүйрік те, мен жаман ба (Жамбыл). Үлкенің бар, кішің бар, осынша жанның ішінде сөзге шешен мен бе едім («Бозінген»). Бұл үйде Сара бар ма, отыр неғып, Қарсы ұшпай тоты құстай қанат қағып? (Біржан сал). Ақыры көп тілеуі көл болып, сол азаматтарымыз аман-есен елге келмеді ме (I. Жансүгіров). Байқасам, сол әріптестерімнің айтқаны рас па деймін (К. Тоқаев). Адамның денесі өзің жүрген жердің бір битімдей құмына ұқсас емес пе (Абай).

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *