Бір нәрсенің ақшаға шаққандағы қаражат мөлшері. Совхоз жұмысшыларына, колхозшыларға жеке пайдалануы үшін керекті ағаш республика немесе облыс белгілеген баға бойынша сатып беріледі (А. Әбішев). Бұлғын терісі қашаннан да өте жоғары нарықпен бағаланады (Ж. Кенжебаев). Неге олай дейсің, сен оған жерінің құнын. түгел төлейсің (Қ. Исабаев). Дутов кезінде шығарылған Орынбордың жаңа ақшасы бұрынғы бәсін жойған жоқ («Әдебиет және искусство»).