Әшекейлеу, өрнектеу, мәнерлеу, накыстау, нақыштау, оймыштау, оюлау, бедерлеу, безеу, сәндеу, көркемдеу, әспеттеу, әлеміштеу, зерлеу

 Түрлі-түсті өрнек салып безендіру, сәнін келтіріпкөріктендіру. Имам қал-тасынан күміспен әшекейленген сүйекшақшаны суырып алды (З. Шашкин). Қолөнер жиһаздарының ішінде өрнектеп түр салынған ши тоқушы қазақ әйелдері ерекше көзге түседі («Қазақст. әйелд.»). Заттарды қажетке жарату-мен қатар мәнерлеу, оюлау, бедерлеп әдемілеу сияқты эстетикалық сезім де дамыды(С. Қасиманов). Ақ сүйектен нақыстап, жез шегені каусырып қалай шебер қақты екен? (Ж. Сыздықов). Біз ұстамыз — темірден өрнекөрген, нақыштаған болатты зер-бедермен (Қ. Бекхожин). Сүйектен оймыштаған төсек ағаштың алдында кемпір отыр (С. Бегалин). Терісін ақбөкеннің бөстек кылған, Ақ киіз оюлатып сырмақ салған (И. Байзақов).Домбыра тоғыз ішекті тарткам баптап, Бедерлеп піл сүйегін койған қаптап (Ө. Тұрманжанов). Алтынмен ішін безеген Сырты күміс ақ отау. Келістіріп түзеген Арттыруға сайланды (Қобыланды батыр). Ақ мәрмәр тастан оюлап сәндеген аппақ орда-ның алдында айбалта ұстаған сақшылар әрлі-берлі сенделіп жүр (О. Сәрсенбаев). Көркемдеп көргенін де жеткізе алмай, Кейде бір қиналады жаңа арманда(З. Шүкіров). Сәулетті қала, зәулім үй, Өсті білім, ой-сана, көк тіре-ген көп үйлер Әспеттелген астана (А. Тоқмағамбетов). Оюмен әлеміштеп отауларды торлаған туырлығын неше қабат (И. Байзақов). Үшеуі де етекже-ңін зерлеп тастаған қынама бел камзол киген (Ө. Қанахин).

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *