Бір нәрсенің бетіне түсірілген сымбат өнерінің суреттері. Үйдің екінші жа-ғындағы алуан түрлі әшекейі кете бастаған ағаш төсектің үстінде ұйықтап жатқан өзінің шалы Қазыбектен басқа бұл үйде қазір жан жоқ (Ә. Әбішев). Шебер қол ақ жібекке өрнексалған, бір қымбат нәрсе екен-ау жүрер есте (З. Шүкіров). Неше түрлі әдемі оюлар салған жаңа сырнай оған қатты ұнады (С. Бакбергенов). Киев жаңа салынған үйлерімен ғана емес, әрқилы мәнерлеп са-лынған ескерткіштерімен де әдемі (К. Тоқаев). Кешегі өзіне ғана тән бейне-леу нақысы мен ою-өрнегін жоғалтып алып, қайтадап таба алмай жүрген халык аз ба (Т. Ахтанов). Әр тасы, әр бояуы, әр нақышы жанданып, күмбір-леп тұрғандай сезіледі (А. Лекеров). Алтыннан бір безеуге жабдық салып, ер-темен залға біреу келді алып (Т. Ізтілеуов). Кейбір жартастың бетінде шілтер сияқты күрделі бедерлер өрнектеледі (С.Орынбаев). Таяғын кенет жігіт қо-лына алды, Оймышқа бетіндегі көзін салды (Ө. Тұрманжанов).