Төс керіп Айнакөлдің айдынында

Төс керіп Айнакөлдің айдынында,
Тербелген аққуы мен қазы қандай?
– Па, шіркін!
Біздің жақтың күзі қандай,
Егіннің орып алған ізі қандай?
Таудағы Алматының алмасынан,
Құмарың бір қанбайды үзіп алмай…
Еске алып туған жерді, өскен елді,
Еске алып Қарағанды, Өскеменді.
Еске алып айдай сұлу аруларды,
Арқада аққан бұлақ, ескен желді.
Екі дос –
Даласы мен Тауы сондай,
Жүр екен бір-бірімен қауыша алмай.
Талмастан таңға дейін әңгіме айтты,
Қызығын туған елдің тауыса алмай.
… Кезі еді – Дулатовтың дүрлеп тұрған,
Көңілді бірыңғайлап бірлеп тұрған.
Мамырдың майда желі жанды желпіп,
Бар маңай қызыл-жасыл гүлдеп тұрған.
«Міржақып – төмендердің аласасы»
Деген сөз бола алмайды арашашы.
Ертістің жағасында,
Ен тоғайда,
Өтетін тойдың не бір тамашасы.
– Міржақып үйленетін болыпты, – деп,
– Асылға қандай ару жолықты, – деп.
Гуледі Омбы елін әңгіме-сөз,
– Қай жерге,
Қай ауылға қоныпты, – деп.
 
 
 

СЕРІК ТҰРҒЫНБЕКҰЛЫ

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *