Үміттердің үкілетіп кекілін

 
Өмір бізді сан тарапқа таратты,
Қайдасыңдар, арман толы алау жас?
Аралаушы ек қызғалдақты алапты,
Қайран күндер, енді қайта оралмас.
Үміттердің үкілетіп кекілін,
Ат қосып ек өмір атты жарысқа.
Бұл тағдырда болмайды екен кешірім,
Шын жүйріктер шабады екен алысқа.
Алау жанған, қайран, біздің от кеуде,
Аңқылдақ ой, айға шабар көңілім…
Тәуба деумен өткен менен кеткенге,
Зымырайсың қанағатшыл өмірім…
 
Ербол Бейілхан
 
 

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *