Дөңгелек дүние

 
Таң сәріде, татымды өлең келді,
Сәби күн, туды тағы «өлем» дейді…
Диірмендей дүние дөңгеленіп,
Жел құлағы желбеңдеп елеңдейді.
Жер айналып барады осіменен,
Күн, ай, жыл тізбектеліп көшіменен.
Талай ғұмыр белгісіз қартаяды-ау,
Таутекедей тау жаққа есінеумен.
Жалған тірлік, жалт етер жүні сынбай,
Таратады өлімнің иісін жай…
Жан біткенді жалмайтын ит өмірдің,
Кербұғыдай керілген тұрысын-ай!…
 
Ербол Бейілхан
 
 
 

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *