Жамандық, жақсылық туралы мақал-мәтелдер

Жамандық жасырылмас.


Жаман еш нәрсе біле алмайды,
Жұмсасаң тіл алмайды,
Өз біліп пайдасын көре алмайды.


Жаманның әлі жапалаққа жетеді.


Жаманның тұзға барғаны — қызға барғаны.


Жаманды көрсең қаша жүр,
Қаша жүрсең амансың.


Жаманға күн де,
Түн де қараңғы.


Жаман ісінен көрмейді,
Кісіден көреді.


Жақсыға айтқан тура сөз,
Жасақ тіккен тумен тең.


Жаманға айтқан тура сөз,
құйған сумен тең.


Жақсыдан әкім қойсаң, елді түзетер,
Жаманнан әкім қойсаң, елді жүдетер.


Жаман ашса көрмес,
Айтса білмес.


Жаманның сөзі түйеден түскендей,
Жақсының сөзі диірмен тасындай.


Жақсының жолы жарық күн,
Жаманның жолы көмескі.


Жаманның жақыны жоқ,
Жақсының алысы жоқ.


Ескіге жаңа өлшеуші,
Жаманға жақсы өлшеуші.


Жаманмен егескенше, жақсымен кеңес,
Жақсыдан жаман туылса, емі табылмас,
Жаманнан жақсы туса, теңі табылмас.

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *