Жақсылық, жамандық туралы мақал-мәтелдер

Жақсы мақтанса есебін табар,
Жаман мақтанса қатынын сабар.


Жаманның созін сөйлеме,
Жалғыздың дауын даулама.


Жорға жолына тоқтар,
Жақсы жөніне тоқтар.


Жорғаның қадірі желгенде білінер,
Жақсының қадірі өлгенде білінер.


Жаман сайға су түссе,
Өткел бермес кешуге.


Жаман адамға іс түссе,
Жаныңды сұрар шешуде.


Жүйрік шабан болады,
Мойнынан жал кетсе.


Жақсы жаман болады,
Қолынан мал кетсе.


Жаманға сөз айтсаң,
Ақыл таппас жол айтады.


Жаман адамға мал бітсе, зекет бермес.


Жаманға мал бітсе,
Жақынын танымас.


Жамандықты көп көрген,
Жақсы сөзге «жә» демес.


Жаманның ақылы көзінде.


Жақсыда кек жоқ,
Кектіде тек жоқ.


Жаманды ел ішінен жау алады.


Жаманның тілі ащы.


Жаманның ақылы түстен кейін енеді.


Жаманға ақыл айтсаң,
Дарға жығады.


Жарым жігіт жаяу жүріп,
Тың киікті қуады.

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *