Ақ сауыттың жағасы бар, жеңі жоқ,
Қас жақсының ашуы бар, кегі жоқ.
Аққу құстың төресі,
Жалғыз жатып оттамас.
Қас жақсының белгісі,
Қара сөзді жоқтамас.
Ақылсыз басқа адырайған көз бітеді,
Дуасыз ауызға сылдыраған сөз бітеді.
Аласаны атқа санама,
Жаманды затқа санама.
Бір сынаған жаманды,
Екінші рет сынама.
Арық пенен семіздің бауыры бірдей,
Жақсы менен жаманның жаны бірдей.
Атасы жаман алғанын жамандайды,
Туысы жаман туғанын жамандайды.
Атың жаман болса, арманың кетеді,
Алғаның жаман болса, мейманың кетеді.
Ашыққаннан, құныққан жаман.
Аласаны атқа санама,
Жақсыны жатқа санама.
Айтқызған — җамандықтың белгісі,
Қамшылаткан — шабандықтың белгісі.
Адамға қылсаң жақсылық,
Жақсылық білмес кей заңғар.
Жақсылыққа жамандық жасайтын,
Дүниеде бейман көп жандар.
Асықсаң, жақсылыққа ашық.
Ашушаң жақсы болмас,
Жақсы ашушаң болмас.