ТЕМІР ИТ

 
Ауаның теңізін кешіп оқ,
Тұп-тура ұшты да тескелі,
Мен сені құлаттым неше рет,
Тирдегі темір ит, кеш мені.
Тарылып тыныс та, өлең де,
Мұң-нала оралса маған көп,
Біреудің иттігін көрем де,
Өшімді аламын сенен кеп.
Ойыншық мылтықты сындырып,
Оқ салып жылына мың атам.
Құласаң, тиршіге тұрғызып,
Қайтадан жаңа оқпен сұлатам.
Азапты адаммен тең шегем,
Ақындық – аяулы өр міндет.
Үйлерден, көшеден, кеңседен,
Иттерді көрдім-ау, көрдім көп.
Қасоқ ғазалдары Төртінші бөлім
Солар ғой таялтар моламды,
Көрмейді, білмейді неге ешкім?
Ататын оғым жоқ оларды,
Және бір мерген де емеспін
 
Жұматай Жақыпбаев

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *