Тонның іші қызыл өрт,
Жалын…
Қырсық…
Қасиетсіз нəпсі жүр қаныңда ыршып.
Бұлт шабынды бурадай
Көбік атып,
Бір-бірінің ұлпадай санын
Қыршып.
Жер сілкініп, төбеде
Тəңір көші,
Бей лəззат билейді тəн іргесін.
Өткінші шақ, сайран шақ
Біткеннен соң,
Тағы бір жоқ өз ісін жəбірлесін.
СҰРАҒАН РАХМЕТ