Іші-бауырын «бір жендетке» жарғызған
Ұқсаңқырап барамыз ба?
Қарбызға əм.
Жастық шақтың жалынынан жырымдап,
Өлең шашып өткеміз бе
əр қызға.
Бетховенді сүйкегендей тасқа
Нəл,
Төбе құйқаң шымыр етеді қас қағым.
Арманыңның орындалып
Бітуін,
Сездіреді басқа күдік, басқа
Амал.
Мұратыңа жету ме еді
Бұ тегі…
Даңғазадан қос құлағың бітеді.
Асқазанда қайнап жатқан
Ниетің,
Сенің кенет өлуіңді
Күтеді.
Бар сүлдерің құрып солай
Түпке ағып,
Жүндей түттің жүрегіңді
Шыпта ғып.
Жалған бақтың астына
Кеп тұрсыз сіз,
Мойыныңызға ілмегі бар
Жіп тағып.
12.12.2005
Қарасудан əуен қайтты жазғы əр мен
Əжімдері жүзін басып,
Саз қалды. Е-е-е!
Жылап-сықтап жылы жаққа
Ауған əн,
Көк сұр бұлттың жалындағы
Қаздар де!
Күбір қалды, дүбір қалды көктемнен.
Үнің қалды мамырдағы
Шөпті емген.
Тауық құрығыр уақытты
Шақырды-ау,
Жауып тұр бір ермен иісі
өткеннен.
Қай құлағың ызыңдайды жаңылып…
Бөлтіріктің көмейінде таң ұрып.
Жыртық бүрген қамын қыстың
Жасайды,
Жылқылардың май құмағын жамылып.
* * *
Тағдырымен келісе алмай тістеніп
Ескі жұртқа қарайды атам
Үш бөлік.
Бессаланың берекеті керемет
Азаны арай, кеші мерей, түсте құт.
Бұлғын, Шіңгіл, нəн Көксерке Күртіден
Көкейінде жатады оның
Бір тілек.
«Анау жатқан үлкен үйдің жұрты»-
Деп,
Жасаураған көзін əпкем сүртіп ед…
Үшқыз, Сауыр, əн Түбшінкөл, Ойқорым
Оу, Боршатау, Түрген, Бұғы
Ой,Нəрін.
Кеудеме кеп асыр салған ойларым,
Жүрегіме айдап келді
Қойларын…
Көзбен кешіп сол мекеннің
əр құмын,
Тыңдап тұрмын Сұлубайдың зарлы
Үнін.
Бергеніңнің түгеліне шүкірмін
Бермегенің болса соған
Жарлымын,
Тағдырым.
07.10. 2005
СҰРАҒАН РАХМЕТ