Хақ тағала алдында,
Адам-пірім қалпымда,
Өтер ме екен ел-нуым,
Пейілі мол, нар жұртым.
Тарау-тарау жолдар бар,
Қадау-қадау көлдер бар.
Сазарған сарқын шөлдер бар,
Салтыңа берік, айнымас
Қабырғасы бүтін елдер бар.
Намысқа тұрар ер бар ма,
Ер көтерер бел бар ма?!
Қақырата шапса дұшпанға
Тозбайтын мүттем жең бар ма?
Кенезесі кепкен тақырға
Сіркіреп өтер сел бар ма?
Ел іргесі бекиді,
Әлсізді әлді шекиді.
Халықтың нұры түскенде,
Толайым жұрт түгесіп,
Зәмзәм суын ішкенде,
Тұла бойым бекиді.
Қабан (Қабылиса) Асанұлы