ҮРКІНДЕ, ҮРКІН, ҮРКІНДЕ

Үркінде, үркін, үркінде
Өтеді дүние бір күнде.
Тыңдап отыр, шырағым,
Мен саламын бүлкілге.
Жігіт болсаң майда бол,
Тал жібектей үлпілде.
Барына қыл қанағат,
Не береді қу тілге.
Алпыс күн атан болғанша,
Бура боп бір күн зіркілде.
Көзіңді жұм да жауға шап,
Ажалды өлер іркілме.
Кешегі өткен заманда,
Дін, мұсылман аманда,
Ердің құнын тапқан көп,
Ашуланып бір күнде.
 
 
 

Қабан (Қабылиса) Асанұлы

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *