БАРЛЫ, БАРЛЫ, БАРЛЫ ТАУ

Барлы, барлы, барлы тау,
Басы есеннің дені сау.
Ұйықтамасаң қабақ жау,
Жарытып ішпесең тамақ жау.
Жыртық үйге тамшы жау,
Арық атқа қамшы жау.
Бетіңнен алса қатын жау,
Кесірлі болса келін жау.
Жасынан асып, үйіңде жүрсе,
Өзіңнен туған қызың жау.
Тіл алмаса ұлың жау.
Парықсыз болса туысың жау.
Күңшіл болса көршің жау,
Тебеген болса биең жау.
Тартыншақ болса түйең жау,
Түйе менен биеңді
Алып кетсе жиен жау

Қабан (Қабылиса) Асанұлы

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *