Тіршілік жайын біз бе ойлаған

Тіршілік жайын біз бе ойлаған,
Өкінем деген жоқ сезім.
Қаламын жалғыз қыз-қыз қайнаған
Жігітпін бе екем деп те өзім.
Көрініп көркем көлдегі нұрым
Елдегім болса бұлдамай,
Өтуде жұмыр жерде ғұмырым,
Пенденің бірін тыңдамай.
Осылай, бәлки, өтер де күндер,
Өтер де бастан көп егес.
Жақсыны, бірақ, бекерге күндер,
Қазағың, қалқам, мен емес.
Өмір ғой… кейде жаңсақ та басып
Қалсақ та,
Жасып не етерміз.
Аз күнгі алдамшы мансаптан қашып,
Алшаңдап басып өтерміз!
 
Сәкен Иманасов

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *