Көңілім көміліп бір күйге менің,
Есімде өзіңмен сол билегенім.
Жүректің құпиясын көздер ұғып,
Дірілдеп сәл-сәл ғана тимеді ерін.
Вальстің ырғағымен ырғатылып,
Ғажайып қанып едік сырға тұнық
Жаудыраған қарақат көздеріңнен,
Кіршіксіз махаббаттар тұрды атылып.
Құйқылжып кеп қытықты вальс бітті,
(Ой, арман, қалды-ау бәрі алыс тіпті)
…Сол вальс өмірі естен кетпей қойды,
Сен қалайша ұмыттың таныстықты..
Сәкен Иманасов