Көз ұшында… көгілдір бір жарықта

Көз ұшында… көгілдір бір жарықта,
Жарқырайды маған ғана тиісті от.
Біздің бастар
мінгескенде бір атқа,
Не төсекте қатар жатсақ түйіспек.
Көкшіл сәуле…
көз ұшында – бір арман,
Жүз құбылып жатады ойнап, өзгеріп.
Көрініп қап….
қол созым жер…
мұнардан,
Ғайып болып кетеді енді лезде еріп.
Біреу мені аңдып,
атып қалды анық.
Қалай алам кекті мен.
Қалу қиын алданып,
Алдауды – өлім деп білем.
Жүрегіммен оңашада алысып,
Алыстатып алып барады не күндер.
Отты еріндер ойланбай-ақ табысып,
Болатыны-ай,
қауышпайтын көңілдер..
 
Сәкен Иманасов

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *