Жаздың түні жас жарыммен,
Келіп қайың қасына,
Бұтақтарға тұрушы едік
Шынтақ қойып, асыла.
Жапырақтың арасынан,
Ай сəулесі қалтырап,
Ақбетінеаруымның,
Түсушіедіжарқырап.
Түніменен түс көремін,
Тербеледі көк терек.
Жарым өзен жағасында
Тіл қатады еркелеп.
Түні менен түс көремін,
Ұзақ жатыр жол əлі.
Түсіңде емес, өңіңдесен
Есіңе алсаң болғаны.
- Волховмайданы
С. Мәуленов