«Искра»совхозының директоры Михаил Иванович Орлов iрi денелi, қасқабас кiсi екен. Сол совхоздың Қызылұйым бөлiмшесiнде Баянғалимен кездесу болады. Өлең айтып отырған ақынға бiр кезде халық: «Моншамыз нашар, соны бастықтарға өлеңменайтсаңыз», –депөтiнiш білдіреді.Сонда ақын:
Бастықты моншаға алып бару керек,
Жабылып сыпырғышпен сою керек.
Төбеден тамшылаған ыстық тамшы
Орловтың жалтыр басын ою керек!–дегенекен. Бұл сөздi түсiнген директор: «Будет баня, будет»,–дей берiптi, күлiп.
Б.Әлімжанов