Металлургтер күнiнде (Темiртау, шiлде, 1992 ж.)бiр киiз үйде Баянғали Айман Мұсақоджаевамен жүздеседi. Дастархан басында: «Ақын неге үндемейдi?» –дептіәйгiлi скрипкашы. Сонда Баянғали:
Кiм десем мына сұлу –Айман екен,
Әлемге қазақ атын жайған екен,
Дүниенi көркейтiп күйiменен,
Күлiмдеген қыз жайлы ойға кетем.
Әнi мен сәнi ғажап үйлескен жан,
Күннен бе екен, жоқ әлде айдан ба екен?!
Айманымды әйбәттапбарады деп,
Жанындағы жолдасы қызғанып қап,
Сорымыз Темiртауда қайнар ма екен?!–деп әзiлдеп, отырған меймандарғабiраз өлең шығарыпты. Қоштасарда Айман Баянғалиға алғыс айтып, ризашылық сезiмiн бiлдiрген екен.
Б. Әлімжанов