Бiр жолы Баянғали Степнякта нағашы апасы Бақыттың үйiнде бiр топ дәрiгерлермен қонақта болыпты. Жездесi Қайыргелдi Қиықов –тiс дәрiгерi.
Қонақтар ет жеп болғасын, қалжыңдасып, кең отырады. Қыз-келіншектер: «Стоматологтың үйiне келген соң ба, тiсiмiздi тазалағымыз кеп барады», –деп, тіс шұқығыш алдырыпты. Кейiн өлең айтқанда Баянғали:
Емес бұл құр жиналып ет жегендiк,
Ойласаң,ата жолын ескергендiк,
Қазақтың дастарханы болмаса егер,
Алыстап ағайыннан кетер ме едiк?
Үйiне стоматологтың келгеннен соң,
Шұқылап тiсiмiздi еркеледiк,
Стоматолог болғаныңа шүкiршiлiк,
Гинеколог болғанда нетер едiк!–деген екен.
Б. Әлімжанов