Ғабиден мен Нәбиден

Бiр күнi Шерхан Мұртаза, Нәбиден Әбутәлиев екеуi келе жатып, Баянғалимен кездеседi. Сонда Баянғали iнiсiн «Палуан»деп еркелететiн Шерхан:

–Әй, палуан, осы сен жұрттың бәрiн сабап жүрсiң ғой, мына Нәбидендi сабап бершi,–дейдi.

Оның сөзiне наразылық бiлдiрген Нәбиден: «Неге менi сабай-ды, ол менiң iнiм, мен оның атасы Сегiз серiнi жазғам» –деп, өзiне тартады. Баянғали екi ағасының алдында тұрып: «Қалай сабаймын, Шераға?» –дейдi. Сонда Шерхан:

–Мынаны сабау керек. Бұл «СҚ»-да местком болған. Сонда: «СҚ»-да не көп, салық көп» –депотыратын. Бiр жолы картоп әкелiп беремiн деп елдiң ақшасын, қабын жинап алып, соңынан бәрi жайымен қалған. Сосын қабырға газетiне өлең шығарғанбыз:

Жылу жинап әр үйден,

Кетiп едiң,Нәбиден,

Картоп та жоқ, қап та жоқ,

Атаңа нәлет,Нәбиден!–деп! Мұны сол үшiн сабау керек!Содан «Нәбиден құрдасымды саба»деп, тағы бiр кездескенде айтады. Үшiншi жолы топтың көзiнше Шерхан Мұртаза Баянғали-ға әзiлдеп:

–Әй, палуан, сен менiң бiр тапсырмамды орындамадың ғой. Анау Нәбидендi бiр сабап бер дедiм, сабамай жүрсiң. Бiр бабыңда жүргенде қолыңа түсiп қалса, сүйкеп жiберсейшi,–деп, тағы айтады.

 Сонда Баянғали:

–Шераға, үш айттыңыз ғой, егер официальный жағын мойны-ңызға алсаңыз, мен сiзге Нәбиден түгiлi, Ғабидендi сабап берейiн!–деген екен.

Б. Әлімжанов

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *