Жазушылар Одағы үйiнiң астыңғы қабатындағы «Қаламгер»дәмханасында әдебиет сыншысы, марқұм Төлеген Тоқбергенов Баянғалимен кездесiп қалады. Ол кезде Баянғалидың «Жұлдыз»журналына жұмысқа жаңа тұрған уақыты екен. Сонда Төлеген қарлығып шығатын дауысымен Баянғалиға: «Әй, «Жұлдызға»келдiң… «Жұлдызға»келдiң… Ендi артыңды қысып жүр!» –дептi, иығынан жұдырығымен қойғылап тұрып. Баянғали ағасына қарап:
«Ойбай, Төке-ау, жерде қыспаған арт-ты жұлдызға шыққасын қысқан ұят емес пе?» –деген екен.
Б. Әлімжанов