Ақпанда

Қаhар шашқан, суық қысқы ақпанда,
Жердің бетін ұлпа қарлар жапқанда.
Бейкүнә өмір үміт отын жаққанда,
Бар тірі жан тоңып діріл қаққанда,
Ал тіршілік бірақ тоқтап жатқан ба?
Аязды күн, боранды түн ақпанда,
Адамдарың үстіне тон жапқанда.
Күнде бұлт мың түрленіп жатқанда,
Қойлар қоздап егіз-егіз тапқанда,
Азаматың суыққа еркін сатқан ба?
Ызғарлы жел, бет қарыған ақпанда,
Су бетінде қалың мұздар қатқанда,
Аш қасқырлар қойға қарсы шапқанда,
Айна есікті саңылаусыз қып жапқанда,
Суық кіріп, үйден орын тапқанда.
Қалың қарлы, үскірінген ақпанда,
Жылылықты суық жеңіп шаққанда,
Сонда да жұрт жылқы айдап баққанда,
Жылғалардан су да ептеп аққанда,
Көктемге орын босатады ақпанда.
 
Боран Қыдыров

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *