Қос тағандар

Ақыл айту – емес әркім мақсаты,
Артта қалса адамдардың жақсы аты.
 
***
Бұл өмірде екі сөйлемей өткен бар,
Опасыз боп, арын сатып кеткен бар.
 
***
Білсем де, болған қанша жаман ырым,
Білмеймін дүниенің көптеп сырын.
 
***
Ақылыңа жеңдіріп ап сезімді,
Ұстай біл, дос, адамдардай өзіңді.
 
***
Болмаса егер жүрегіңде адалдық,
Бола алмайды оңда өзіңде адамдық.
 
***
Қанша адамдар етіп өтті тақты арман,
Ал қанша адам бас тартты сол тақтардан.
 
***
Жау қолында тартсаң «дәмін» жазаның,
Ұмытпашы ел-жұртыңның азабын.
 
***
Бұзық болса егер, достым, көңілің —
Бақытсыз боп өтер онда өмірің.
 
***
Тура болса, о бастан-ақ ішегің,
Өздеріңмен у болса да ішемін.
 
***
Өмір саған өз жарығын қиғасын,
Келтіре біл қиюы мен қиғашын.
 
***
Ынсапсыздық тізгінін, дос, тартып қой,
Туысқаннан ел-жұртыңды артық қой.
 
***
Тақ таласып, туысын да қиған бар,
Бар асылды ел-жұрт үшін жиған бар.
 
***
Келіп алып бұл дүниеге бір рет,
Қу басымыз не көрмейді мың рет.
 
***
Қанша ғалым, қанша залым өтпеді,
Бәрін-дағы қу ажалың «ептеді».
 
***
Әр кезеңде өрнегі бар заманның,
Заман-заман – қасиетімен адамның.
 
***
Қасиетті тау, құдіретті тау аналар,
Содан туған ғұлама мен даналар
 
Боран Қыдыров

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *