Жетімнің зары

 
Көйлегім көк, қарным тоқ,
Қадіріме жылаймын.
Сәби едім кінәсіз,
Неге тағдыр қинасың?
Жүрегіңнің түбінен,
Тоғыз жай бердің.
Қаламаған перзент деп,
Неге мені жек көрдің?
Ана болу бақыт қой,
Қалай соны сезбедің?!
Тастап жетім үйіне,
Қалай менен безгенің?
Құшағыңда сәби боп,
Еркелегім келеді.
Мені іздеп келер деп,
Жас жүрегім сенеді.
Нансаң, апа, кей кезде,
Түсіме көп кіресің.
Балаң мінген ақ тайды,
Жетектеп-ақ жүресің.
Мұндай сәтте бақыттан,
Бас айналып кетеді.
Әттең, бірақ түс екен,
Өңім болса нетеді?!
Ойланыңдар, үлкендер,
Мұндай жолға бармаңдар.
Зар жылатып сәбидің,
Обалына қалмаңдар
 
Лала Жүнісқызы

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *