Қазақ, өзбек — мәңгілік дос

Я, Раббым!
Мен құлыңмын, байсалдымын.
Ақылымды ширатар ой сал бүгін.
Қарсы ал, жұртым, арқамды сүйейінші,
Алдыңа келіп отыр қайсар ұлың.
Жарып шықты өзектен бүршік міне,
Мен тайыз боп қалмайын кіршіктене.
Сынға түсіп сыналар құнандай боп,
Өмір шіркін ширатар ұршықнеме.
Жадырайды қыраулы мұнар күзім,
Біз болайық болашақ тіл алғышың.
Каримов пен осынау Нұрағаға
Жаудырылсын, халайық, мың алғысың.
Қуаныштан жас алып егілсін қарт,
Үлгі алып бізден де көрсінші жат.
Мәңгі достық айнасы, куәгері,
15 жасқа толуда келісім-шарт.
 
Лала Жүнісқызы

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *