Мәңгі достық жасасын

Баяғыдан өзбек-қазақ таныс, дос,
Ағайындар, айтпағыма құлақ тос.
«Төскейде мал, төсекте бас қосылған»,
Ұлылардан қалған нақыл емес бос.
Тарихы бір, мәдениеті, діні бір,
Тәржімасыз түсінетін тілі бір.
Мақсаттарға жеткізетін алдағы,
Тәуелсіздік салып берген жолы бір.
Қазақ-өзбек бір-бірін дер бауырым,
Қонақ етер астың қойып тәуірін.
Екеуі де бір шынардың бұтағы,
Ол шынарым терең жайған тамырын.
Кім білмейді Сәбит, Ғафур достығын,
Бұл достықтан көңілдердің хоштығын.
Насыр Фазыл, Мұзафардай ағалар,
Дастан еткен алыптардың достығын.
Ұстаз едім жыр әлемге жол салған,
Сол әлемде із қалдыру бір арман.
Екі тілде тең жазылған жырларым,
Екі елдің достығына арналған.
Дами берсін ұлы достық қашан да,
Достар тұрсын күліп есік ашқанда.
Ақ тілекке ұлы сөзді қос бүгін
«Мәңгі достан» өзге сөздер бос бүгін.
Ғасырлардан бізге жеткен аманат,
Ту етелік екі елдің достығын.
 
Лала Жүнісқызы

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *