Алыстағы бауырға

Білмейсің-ау қадірін сен, бауырым,
Хош иісін бұрқыраған жауынның.
Анда-санда бір сілкейтін дауылын.
Білмейсің-ау бұл дүниеде теңі жоқ –
Ата мекен, туған жерің, ауылың
Сен едің ғой қырдың қара қазағы,
Қиын болар сағыныштың азабы.
Таза ауасы жан жарасын жазады
Қалмап па еді бұлақтардың басында,
Балалықтың бақыты мен базары.
Қалмап па еді жастық шақтың жаз әні,
Қалмап па еді ата-баба мазары.
Өмірімнің түні менен азаны
Есіңде ме бүкіл ауыл жиылып,
Той беретін ошағы мен қазаны.
Есіңе ал Қызылқұмдай даланы,
Қапа болып ашылмаған қабағы.
Алыс жолдар жалғайды енді араны.
Көз жасындай ағып жатқан бұлағы,
Күннен күнге тартылып та барады.
 
Айнұр Жаппарқұлова

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *