Дара туған қазақтың ойшыл ері,
Жыр ескен қанатынан ойлы лебі.
Халқына нұрлы сәуле шашқан күндей,
Ащы ойдан ақиқатты өрген еді.
Жақсылыққа үндеді өлеңдері,
«Ел үшін, қазақ үшін көгер» деді.
Мұң басқан елдің жайын көрген сәтте,
Қызыл тілі жыр төгуден бөгелмеді.
Ғибрат пен мұрат тұнған жырларынан,
Сыр ұқтық қазақтың кең қырларынан.
Мәшһүр ата мұраларын оқыған жан,
Шөлі қанар асыл сөздің бұлағынан.
Мұраты — өлеңінің өзегі еді,
Қоғамның тауқыметін көре білді.
Кедейдің азабына жаны ауырып,
Айтшы ата ащы зары өртеді ме өзегіңді?
Мәшһүр ақын — еңселі, нар тұлғалы,
Ұмытпас ұрпақтары артындағы.
«Ғибратнама» — өнеге, өсиетің,
Ғибрат болар ұрпақтарға алдыңдағы!
Мәшһүрдің ерен ісі жоғалмайды,
Елім, — деп, — көрмесінші қоғам қайғы!
Ғасырлар ғасырларға жалғаса да,
Ешбір жан өзіңіздей бола алмайды!
Автор: Абдраманов Арсланбек ©