ОҚУШЫЛАРДЫ ТӘРБИЕЛЕУДІҢ ЗАМАНАУИ ТӘСІЛДЕРІ: МОРАЛЬДЫҚ ЖӘНЕ ЭКОЛОГИЯЛЫҚ МӘДЕНИЕТТІ ҚАЛЫПТАСТЫРУДАҒЫ «ECO-TEACHER» ПЛАТФОРМАСЫНЫҢ РӨЛІ

“ОҚУШЫЛАРДЫ ТӘРБИЕЛЕУДІҢ ЗАМАНАУИ ТӘСІЛДЕРІ: МОРАЛЬДЫҚ ЖӘНЕ ЭКОЛОГИЯЛЫҚ МӘДЕНИЕТТІ ҚАЛЫПТАСТЫРУДАҒЫ «ECO-TEACHER» ПЛАТФОРМАСЫНЫҢ РӨЛІ’’

Уайс Нұргүл

3-курс студенті, Ж.Мусин атындағы Көкшетау жоғары қазақ педагогикалық колледжі

Көкшетау қ., Ақмола облысы

Аңдатпа (қазақша)

Мақалада қазіргі білім беру жүйесіндегі тәрбие жұмысының заманауи бағыттары қарастырылды. Негізгі назар моральдық құндылықтарды қалыптастыру, экологиялық мәдениетті дамыту, оқушыларды патриоттық және азаматтық рухта тәрбиелеу мәселелеріне аударылады. Автор әлем елдерінің экологиялық тәрбиедегі тәжірибесіне сүйене отырып, Қазақстандағы экологиялық жағдай мен статистиканы талдайды. Сондай-ақ авторлық «Eco-teacher» экологиялық білім беру платформасының тәрбиелік маңызы ашылады. Мақалада теориялық және практикалық тұжырымдар ұсынылып, мектептегі тәрбие жұмысына арналған тиімді әдістер жүйеленеді.

Аннотация (орысша)

В статье рассматриваются современные направления воспитательной работы в системе образования. Основное внимание уделяется формированию моральных ценностей, развитию экологической культуры и воспитанию учащихся в духе патриотизма и гражданственности. Автор анализирует опыт зарубежных стран в области экологического воспитания, а также статистику экологической ситуации в Казахстане. Представлена авторская платформа «Eco-teacher», направленная на экологическое просвещение школьников. В статье систематизированы теоретические и практические подходы, включающие эффективные методы воспитательной деятельности в школе.

Abstract (English)

This article examines the modern approaches to educational and upbringing practices within the school system. Special attention is given to the formation of moral values, the development of environmental culture, and fostering patriotism and citizenship among students. The author analyzes international practices in environmental education and reviews current ecological statistics in Kazakhstan. The author’s platform “Eco-teacher” is presented as an innovative tool for environmental awareness and student engagement. The article provides theoretical justification and practical recommendations for effective upbringing strategies in contemporary schools.

Қазіргі жаһандану жағдайында оқушыларды жан-жақты дамыған, экологиялық жауапкершілігі жоғары, адамгершілігі мол тұлға етіп тәрбиелеу – білім беру жүйесінің басты міндеті. Тәрбиенің мазмұны қоғамдағы өзгерістерге тікелей байланысты жаңарып отырады. Сондықтан мектептегі тәрбие жұмысы да инновациялық әдістерге сүйенуі тиіс. Қазіргі таңда мектеп оқушылары арасында моральдық дағдарыс, табиғатқа селқос қарау, азаматтық белсенділіктің төмендігі, әлеуметтік бейімделудің әлсіздігі байқалады. Бұл — тәрбиенің мазмұны мен әдістерін қайта қарау қажеттілігін тудырып отыр.Зерттеліп отырған мәселе — оқушыларды тәрбиелеудің қандай тәсілдері бүгінгі әлеуметтік сұранысқа жауап бере алады және оларды қалай тиімді қолдануға болады? – деген сұрақтарға жауап іздеу барысында өзектілігі айқындалды. Бұл мәселе қойылған мақсат пен міндеттерге толық сәйкес келеді.

Заманауи тәрбиенің ерекшелігі — оның оқушы тұлғасына бағытталған білім беру және тәрбиелеуде нәтиже шығару болып табылады. Бүгінде педагогтар оқушылармен диалог орнатуға, оларды шешім қабылдауға, өз ойы мен пікірін еркін жеткізуге мүмкіндік беруге тырысуда.Қазақстан Республикасының «Білім туралы» Заңында тәрбиенің негізгі бағыттары – азаматтық-патриоттық, рухани-адамгершілік, экологиялық, еңбек пен зияткерлік тәрбие ретінде айқындалған [1]. Бұл бағыттар қазіргі педагогтың кәсіби қызметінің негізгі өзегіне айналып отыр. Мұғалімнің үлгі болуы, әділдік, сыйластық, жанашырлық сынды ұстанымдарды оқу-тәрбие процесіне енгізуі моральдық дамуға ықпал етеді. Мектептегі білім беруде кез келген пәнге, тақырыпқа байланыстырып тәрбие бағыттарына кіріктіру арқылы оқушының моральдық, азаматтық және экологиялық мәдениеттері дамиды[4].

Әлем елдерінің тәжірибесі: экологиялық тәрбие жүйесінің озық үлгілері

Әлемдік педагогикада экологиялық тәрбиеге ерекше мән беріледі. Бірқатар елдердің тәжірибесі Қазақстан үшін де тиімді.

1.Финляндия

  • Балабақшадан бастап «Outdoor learning» әдісі қолданылады.
  • Әр мектепте экоклуб міндетті түрде жұмыс істейді.
  • Оқушылардың 70%-ы жылына кемінде 20 рет табиғатта сабақ өтеді. [3]

2.Жапония

  • «Mottainai» философиясы – ысырапқа жол бермеу мәдениеті.
  • Оқушылар мектепте қоқысты сұрыптап, мектеп аумағын күнделікті өздері тазартады.
  • Табиғатқа құрмет – ұлттық тәрбиенің негізі. [6]

           3. Германия

  • «Grüne Schule» (Жасыл мектеп) концепциясы белсенді енгізілген.
  • Экологиялық пәндер интеграцияланған түрде оқытылады.
  • Оқушылар энергия үнемдеу жобаларына қатысады.

Бұл тәжірибелердің барлығы жастарды табиғатты қорғауға, жауапкершілікке және қоғамдық белсенділікке тәрбиелеуге бағытталған. Қазақстан мектептері үшін де осындай кешенді модельдер ерекше маңызды. [5]

Қазақстан бойынша статистика: экологиялық тәрбие қажет екенін дәлелдейтін мәліметтер

Қазақстанда экологиялық жағдай күрделеніп келеді. Бұл мәселенің өзектілігін статистика да көрсетеді.

  • Экология министрлігінің 2024 жылғы дерегіне сәйкес, елдегі ауаның ластану индексі 45% өңірде нормадан жоғары.
  • Қазақстан экологиялық сауаттылық деңгейі бойынша әлемнің 180 елінің ішінде 97-орында.
  • Оқушылардың тек 32%-ы экологиялық шараларға жүйелі түрде қатысады.
  • 2023 жылы мектептердің тек 40%-ында экоклубтар тұрақты жұмыс істейтіні анықталған. [4]

Бұл мәліметтер оқушылардың экологиялық мәдениетін арттыруға арналған тиімді бағдарламаларды енгізудің қажет екенін дәлелдейді.Қазіргі цифрлық дәуірде тәрбиелік жұмысты тек дәстүрлі әдістермен шектеу жеткіліксіз. Әсіресе экологиялық мәдениетті қалыптастыруда оқушылардың қызығушылығына сай келетін, интерактивті, цифрлық ресурстарды пайдалану қажеттілігі артуда.

Осыған орайда, менің авторлық сайтым – «Eco-teacher» экологиялық білім беру платформасы – оқушыларға психологиялық-педагогикалық қолдау көрсетіп, экологиялық мәдениетті дамытуға бағытталған жаңашыл құрал болып табылады.

Платформа құрылымы:

-«Эко-білім» айдары;
— интерактивті тесттер мен ойындар;
-«Экобұрыш» бөлімі;
-шығармашылық галерея;
-кері байланыс алаңы

Тақырыптың теориялық негізі тұлғалық-бағдарлы тәрбиелеу, экологиялық сана қалыптастыру және цифрлық білім беру идеяларын ұстанып,  алға қойылған мақсатына сәйкес құрастырылды.

Практикалық маңыздылығы – платформаны сыныптан тыс, факультативтік сабақтарда, үйірмелерде, ата-аналармен жұмыста тиімді қолдануға болады. Бұл жоба оқушыларды тәрбиелеудің жаңа, тиімді әрі мазмұнды тәсілдерінің бірі ретінде бағаланады. Ол цифрлық технология мен тәрбиелік жұмысты тиімді үйлестіру арқылы заманауи педагогиканың талаптарына жауап беретін инновациялық өнім болып табылады.

Мақаланың

 қысқаша қорытындысы:

 Білім беру жүйесінің басты мақсаты – жан-жақты дамыған, адамгершілікке бай, экологиялық саналы, отансүйгіш ұрпақ тәрбиелеу. Осы мақсатқа жетуде тәрбиенің моральдық және экологиялық мәдениет шешуші рөл атқарады. Ұлы педагог В.А. Сухомлинский: «Тәрбие – адамның жүрегіне жол таба білу өнері» деген болатын. Бұл өнер заманауи жағдайда инновациямен, тұлғалық бағыттылықпен, цифрлық технологиямен ұштасуы қажет.

Авторлық «Eco-teacher» білім беру платформасы – осындай күрделі мақсаттарды жүзеге асырудың цифрлық мүмкіндігін ұсынатын жаңашыл құрал. Бұл жоба тек экологиялық ақпаратты жеткізуге емес, оқушының экологиялық мәдениеттілігін, жауапкершілігін, шығармашылығын дамытуға бағытталған. Оның құрылымы мен мазмұны қазіргі заман талаптарына сай және интерактивті, құндылықтық, тұлғалық-бағдарлы оқытудың тиімді тәсілдерін біріктіреді.

Бүгінгі жас – ертеңгі ел болашағы. Сондықтан тәрбиенің барлық бағытын интеграциялай отырып, оқушыларды рухани жағынан бай, елінің, табиғатының, болашағының жанашыры етіп тәрбиелеу – педагогикалық қауымдастықтың ортақ миссиясы деп білеміз. Алаш қайраткері Ахмет Байтұрсынұлының: «Балам деген жұрт болмаса, жұртым дейтін бала қайдан шықсын» деген сөзі осы жолда бізге бағыт — бағдар, болуы тиіс.

Осылайша, «Eco-teacher» платформасын тәрбие беру процесінде жүйелі қолдану – жаңа мазмұны мен әдістерін тиімді іске асырудың нақты қадамы болып саналады. Бұл жоба болашақ педагог ретіндегі менің кәсіби ұстанымымды айқындайтын, тәжірибеге бағытталған құнды бастама!

 

    «Ecoteacher» сайтына сілтеме: https://dianafayzeshova.wixsite.com/my-site-3

 

Қорытындылай келе, оқушыларды тәрбиелеудің заманауи тәсілдері – тек білім берудің қосымша бағыты емес, бүкіл тәрбиелік жүйенің өзегі екені анықталды. Моральдық құндылықтар мен экологиялық мәдениетті ұштастыру арқылы тұлғаның жан-жақты дамуына жол ашылады. «Eco-teacher» авторлық платформасы осы мақсатқа қызмет етіп, оқушылардың жауапкершілік сезімін, табиғатқа жанашырлық көзқарасын және саналы таңдаулар жасау дағдыларын қалыптастыруға мүмкіндік береді. Жан дүниесі бай, рухы биік, экологиялық сауатты ұрпақ тәрбиелеу – бүгінгі педагогикалық қауымның ортақ міндеті. Осы ойды тереңдету үшін төмендегі өлең жолдарын оқырманға ой салатын үн ретінде ұсынғым келеді:

 

 

Тәрбие – тамыры терең бір ғылым,

Сананы оятып, жанға құятын жылуын.

Мораль мен табиғат – егіз ұғым боп,

Ұрпаққа қалдырар ең асыл мұраның жыр үнін.

 

Жер-Ана аманат, қасиет туған ел сынды,

Сақтаған жүректе – саналы жастың кең тынысы.

Экология деген – табиғат қана емес,

Адамның өзін-өзі тануы, ішкі тіні де осы.

 

Болашақ — бүгіннен басталар, жолы кең,

Жақсылық жасаған жанның жүгі де жең.

Табиғат сақтайтын бала өсірсек егер,

Таза әлем сыйлаймыз ертеңгі ұрпаққа көркем үнмен.

Ендеше, әр бала — ертеңнің өзі, шаңырағы,

Оятып жүректе табиғатқа деген адалдығы.

Өзгерсе сана, түзелер бүтін әлем де,

Ұрпақтың қолында — туған елдің амандығы.

 

 

Пайдаланылған әдебиеттер:

  1. ҚР «Білім туралы» Заңы.
  2. Қазақстан Республикасында білім беруді және ғылымды дамытудың 2020–2025 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасы.
  3. UNESCO. Education for Sustainable Development Report, 2023.
  4. ҚР Экология және табиғи ресурстар министрлігінің 2024 жылғы статистикалық мәліметтері.
  5. Finnish National Agency for Education. Environmental Education System, 2022.
  6. Japan Ministry of Environment. Mottainai Concept in Schools, 2021.

 

 

 

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *