Құрбыма

Көңілдің нәзік кірлетпе, қалқам, бейнесін,
Жинақтап алма, ауыр ойлардың көмбесін.
Жаратқан берген оймақтай таза жүрегің,
Тағдырың салған бұралаң жолға көнбесін.

Әлемді жаула, сұңғыла бой мен кер мүсін,
Орының болар, биік шыңдардан, сен түсін.
Өмірде бәрі өзгерер, адам өзгертер,
Өзгермес, бірақ, сұлу да нәзік болмысың.

Алаңдар, бәлкім, көңілге қайғы төнгесін,
Көздеріңдегі шырағың, жаным, сөнбесін.
Өткенің берген бар мұңыңды жиып кеп,
Алдыңнан талай бақыт күтеді, көресің!

Айдана БАҚЫТҚЫЗЫ

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *