Жобалауға тапсырмада жаңа техниканы және алдыңғы қатарлы тәжірибені ендіру, қүрделі ақша қаражатының тиімділігі көрсеткіштері бойынша, құрылыстың материалдық сиымдылықтарын азайту, еңбек өнімділігін арттыру, шикі зат, материал және энергетикалық қорларды ұнемді жұмсау, өндіріс қалдықтарын және екінші ретті энергия қорларын пайдаға асыру жөнінде талаптар қарастырылған болу керек.
Жобалауға тапсырмада мынадай бастапқы деректер болуға тиіс:
1)жобалауға алынған объектінің аталуы;
2)жобалауға арналған негіздеме;
3)жобалау сатылығы;
4)нұсқаулық және конкурстық дайындама жөніндегі талаптар;
5)құрылыс түрі;
6)құрылыстың айрықша жағдайлары;
7)объектінің негізгі техникалық-экономикалық көреткіштері, соның ішінде қуат,өнімділік, өндірістік бағдарлама;
8)инженерлік жабдықтарға қойылатын, соның ішінде: негізге параметрлер, техникалық және пайдалану сипаттамалары, сервистіқ қызмет көрсету жөніндегі негізгі талаптар;
9)өнімдердің бәсекелестік қабілеттілігі сапасы мен экологиялық өлшемдеріне қойылатын таалаптар;
10)технологияға, кәсіпорын режіміне қойылатын талаптар;
11)сәулеттік-құрылыстық, көлемді-жоспарлық және құрылымдық шешімдерге,мүгедектерге арналған тіршілік қызметінің қол жеткізушілік ортасын құру ескеріліп,қойылатын талаптар;
12)кезектілік және іске қосылатын кешендерді бөліп көрсету, кәсіпорындарды келешекте кеңейту жөніндегі талаптар;
13)табиғатты қорғау өлшемдері мен шараларын жасаудың талаптары мен жағдайлары;
14)еңбек қауіпсіздігі мен гигиенасы режіміне қойылатын талаптар;
15)өндірісті ассимиляциялау жөніндегі талаптар;
16)азаматтық қорғаныстың инженерлік-техникалық шараларын және төтенше жағдайлардың алдын-алу жөніндегі шараларды әзерлеуге қойылатын талаптар;
17)тәжіриблік-құрылымдық және ғылыми-зерттеу жұмыстарын орындау жөніндегі талаптар;
18) энергиясақтау жөніндегі талаптар;
. ЖОБАЛАУДА ПАЙДАЛАНЫЛАТЫН ЖЕТЕКШІ ЖӘНЕ НОРМАТИВТІК МАТЕРИАЛДАР
Кез-келген жобалық-сметалық құжаттарды дайындауда жетекші және нормативтік материалдардың талаптары мен қағидаларын ескере отырып жүргізеді.
ҚНжЕ(СНиП)-құрылыстық нормалар және ережелер-аса маңызды нормативтік құжат болып табылады. Олар жобалауға қойылатын негізгі талаптарды анықтайды, сонымен қатар тұрғызылатын объектілердің қурылысына және оның сметалық құнын есептеуге қойылатын талаптарды да қалыптастырады. Ережелер төрт бөлімнен тұрады: жалпы жағдайлар, жобалау нормалары, жумыстарды жүргізу және қабылдау ережелері, сметалық нормалар мен ережелер.Қурылыстық нормалар және ережелердің әр бір бөлімінің жекеленген тараулары бар, олар өзінше жеке кітапша болып шығарылған. Мысалы, СНиП 11-4-79 дегеніміз (ҚНжЕ 11-4-79)-жобалау нормалары (11-бөлім), табиғи және жасанды жарықтандыру (4-тарау)-79 жылы дайындалған.
ҚН (СН)-салалық номалар-жобалаудың жалпы сипатты ережелері мен нормаларын анықтайды, сондай-ақ жекелеген нақты инженерлік жобалау нормалары мен ережелерін анықтайды.
ТЖБН(ОНТП)-технологиялық жобалаудың бүкіл одақтық нормалары-технологиялық жобалаудың ережелерін және желеген аул шаруашылық объектілерін жарықтандыру, жылыту, желдету және олардағы санитарлық нормаларын анықтайды.Мысалы, ОНТП 1-77-ірі қара мал кәсіп орындарын технологиялық жобалаудың бүкіл одақтық нормалары.
ТЖВН(ВНТП)-технологиялық жобалаудың ведомствалық нормалары және ВҚН(ВСН)-ведомствалық қурылыстық нормалар-аул шаруашылық объектілерін технологиялық жобалау нормативтерін және оларды эксплуатацияға қабылдау ережелерін анықтайды. Олардың атауларына сол нормативтінк құжаттарды бекіткен үйжайлардың аты енгізілген.
ҮЛГІ ЖОБАЛАРДЫ ЖӘНЕ ҮЛГІ ЖОБАЛЫҚ ШЕШІМДЕРДІ ҚОЛДАНУ
Үлгілік жобалық құжаттауға мынадай дайындығы толығымен аяқталған жобалық материалдарды жатқызады: үлгілік жобалар, үлгілік жобалық шешімдер, үлгілік қурылыстық қурылмалардың, бұйымдардың және бөлшектердің сызбалары.
Үлгілік жобалық құжаттауды қалыптасқан өндіріс технологиясы бар қайталанып келетін кәсіп орындарды және ауыл шаруашылығы объектілерін салғанда көп марте қолдану үшін дайындайды. Ең үнемді көп мәрте қолданылған жекелеген жобалық шешімдер үлгілік жобалық құжаттауға негіз бола алады.
Үлгілік жобаларды және шешімдерді пайдаланғанда оларды нақтылы жергілікті жағдайларға байланыстыру керек. Байланыстыруді берілген ауданның топографиялық, геологиялық және климаттық жағдайларын есепке алып орындайды. Оны жұмыстық қужаттау кезіңде жүргізеді.
Жобалаушы ұйым байланыстру процессінде мынадай жұмыстарды орындайды:
1)ғимараттардың немесе қурылыстардың координатоларын және бөлімдерінің белгілерін анықтайды;
2)ірге тастардың мөлшерін және көмілу тереңдігін дәлдеп анықтайды, гидрогеологиялық жағдайлар бойынша тиісті қосымша инженерлік шаралар дайындайды;
3)ішкі, сумен қамтамасыз ету, жылу беру, энергиямен қамтамасыз ету және байланыс желілерінің сыртқы тораптармен қосылу түйіндерін дайындайды;
4) қарастырылып отырған ауданның климаттық жағдайына байланысты жылыту және желдету аспаптарының санын және түрін дәлдеп анықтайды;
5) жергілікті жағдайларды және бағаны есепке алып қурылыстың сметалық құнын және жумыстардың барлық көлемін дәлдеп анықтайды.
Үлгілік жобаларды және үлгілік жобалық шешімдерді қолдану жобалау мерзімін және еңбек шығынын едәір қысқартады, жобалау жумыстарының сапасын жақсартады, объектілердің қурылыс процесстерін арзандатады. Жобаларда практика жүзінде тексерілген, жетілдірілген, ең үнемді шешімдер пайдаланады, сондықтан ауыл шаруашылық өндірісін кешенді